Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағы, Қазақстан Республикасы "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Заңына сәйкес, "Телекоммуникация қалалық жүйесінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуін төлемақы төлеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жітіқара аудандық мәслихатының 2002 жылғы 18 қаңтардағы № 8 «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызмет тұтынуы мен тұрғын үй төлеміне көмек көрсету тәртібі турасындағы Ережелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылған деп есептелсін (2002 жылғы 26 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 1247).
Тармақ 3
3. Шешім Қостанай облысы әділет департаментінде мемлекетті тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері
Жітіқара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешімімен бекітілген Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді тұтыну, тұрғын үйді ұстау және байланыс қызметіндегі телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің көбейген бөлігінің, сондай-ақ, мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға (жалдау) алуының шығын орнын өтеу үшін отбасыларға (азаматтарға) беріледі және ол халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі қаланың тұрақты тұрғындарына, егер олардың коммуналдық қызмет тұтынуы мен тұрғын үйді ұстау және байланыс кызметіндегі телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің көбейген бөлігі тұрғын үй көлемі белгілеген нормасы шегінде, өтемақы шараларымен қамтылған жағдайда, бірақ отбасы бюджетінің нормативі коммуналдық қызметті тұтынуы мен тұрғын үйді ұстау және байланыс қызметіндегі телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің көбейген бөлігінің өтемін қамтамасыз етілетін шығыстары, осы мақсаттағы шығыстар шегінен асып кеткен жағдайларда беріледі. Берілген шектегі үлес шығыны коммуналдық, қызметтерді тұтыну мен тұрғын үйді ұстау төлеміне отбасыларының жиынтық кірісінің 25 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Осы белгіленген нормадан жоғары коммуналдық кызметтің тұтынуы мен тұрғын үйді ұстау төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй көлемінің нормасы әр отбасы мөлшеріне берілетін тұрғын үй нормасына барабар болып, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген және ол бір адамға 18 шаршы метр құрайды және отбасына қосымша 9 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем болмау керек. Иеленген көлеміне байланыссыз, жалғыз басты азаматтарға 30 шаршы метр шегінде, бірақ нақты көлемінен көп емес алаң беріледі.
Тармақ 4
4. Өтемақы шараларымен қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтерді есептеу приборлары жоқ тұтынушыларға (жылу энергиясы, сумен жабдықтау, газ, электр қуаты, су арнасы, қоқыс шығару) тұтыну нормативін облыс әкімі бекітеді. Өткен жылғы орта қосылымдағы нақты шығыстар бойынша жылу беру науқаны басындағы, электр қуаты шығыстарының нормасы, тағайындалған тұрғын үй көмегін ескеріп, Жітіқара аудандық әкімиятының «Житикаракоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны анықтайды. Облыс әкімімен белгіленген, тұтынушылардың есепке алатын шығыстары, коммуналдық қызметті тұтынуда есепке алынған приборлар болса, оның алдыңғы тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы нақты шығыстары, қызмет толық деңгейде көрсетілгендіктен есеп приборлары коммуналдық қызмет тұтыну нормасының көрсеткіші негізінде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі, аудан көлемінде тұрақты түрде тұратын меншік иесі болып табалатын немесе жалмен (жалдау) пайдаланатын тұрғын үйлері бар жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 6
6. Бір айдан кем уақыт стационарлық емдеуде болғандар, туберкулезбен ауыратындар, онкологиялық және психикалық аурулары барлар, емдеу органдарында тұрақты есепте тұрғандар және емдеу мекемелерінің дәрігерлік кеңес комиссияларының қорытындысымен уақытша еңбекке жарамсыздар, оқушылар мен студенттер, тындаушылар мен күндізгі оқу түрлеріндегі курсанттар, магистратура мен аспирантураны есептегенде және бірінші топтағы мүгедектермен және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтумен айналысатын азаматтар, сексен жастан асқан зейнеткерлер, жеті жасқа дейінгі балалар және үшінші топтағы мүгідектігі жөнінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларды қоспағанда, егер, отбасында еңбекке жарамды кісілер болса, бірақ жұмыс істемейтін немесе оқымайтын, әскер қатарында қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту орталығында, жұмыссыз деген атағы жоқ және де, еңбек демалысында еңбек ақысыз алты айдан жоғары жүрген азаматтардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ.
Тармақ 7
7. Жұмыссыз отбасы мүшелері бар, отбасылар, берілген жұмыстан себепсіз бас тартқан жұмыссыздар немесе жұмысқа орналасқысы келмегендер, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқандар тұрғын үй көмегін алу құқығын алты айға жоғалтады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін алушылар, тұрғын үй көмегін есептеуге эсер ететін кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ, оның дұрыс есептемеген жағдайы туралы он күн мерзімі ішінде хабарлауы керек. Уәкілетті органға жалған мәліметтер берген жағдайда, оның артынан молырақ тағайындалған немесе заңсыз өтемақылар төленсе, алынған тұрғын үй көмегі толық мөлшерде бюджетке қайтарылуы тиіс. Берілген тұрғын үй көмегі өз еркімет қайтарылуы керек, ал одан бас тартқанда - сот арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға жалған мәліметтерді бергені үшін, комиссияның шешімі бойынша бір жылға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылуы мүмкін.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін есептеу
2. Тұрғын үй көмегін есептеу
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар кісі «Жітіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - уәкілетті орган) арыз, арызға қоса үйдің меншігі туралы құжаттарды (жал, жалдау шарты), отбасы құрамы, өтініш берілген уақыттан бастап, өткен тоқсан үшін отбасының жиынтық кірісі, есеп приборларының құжатымен сендірілген коммуналдық кызметті төлеуге нақты шығындарды берулері керек. Егерде мұның алдыңғы тоқсанда өтініш жасағанға дейін, отбасы құрамының бір немесе бірнеше мүшелері жұмыссыздар қатарында болып жұмыспен қамту орталығына тіркелмесе тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия қабылдайды. Жанжалдасу, таласу немесе қалыпқа сай келмейтін жағдайларда, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауға комиссияның құқы бар.
Тармақ 11
11. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үйінің меншік иесі (жалдаушымен) және уәкілетті орган арасында келісім шарт жасалады.
Тармақ 12
12. Өтініш берушінің тапсырған құжаттарының нақтылығына күмән туса, уәкілетті орган қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін тағайындауға мәліметтерді тапсыруға міндетті.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі қолма-қол ақшасыз түрінде беріледі, ол қызмет көрсетушілер арасында бөлінеді және де ол ақша азаматтың өтініші бойынша аударылады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда тапсырған айдан бастап (тек бірінші тоқсаннан басқа жылу беру науқаны бітуіне байланысты көмек жылу беру науқаны біткенше) тағайындалады. Ағымдағы айға құжаттар қабылдау айдың 5-нен басталып 20-нда бітеді. Тағайындалған тұрғын үй көмегі толық бір теңгеге дейін дәлме-дәл жинақталады. Әр отбасының тұрғын үйді ұстауға төлемақыларының тиісті шектелген шығыс мөлшері және коммуналдық қызметтерді тұтыну, байланыс қызметіндегі телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің көбейген бөлігінің үлесі өзгерген жағдайда отбасының кірістерін, сондай-ақ, коммуналдық кызметтердің тарифтері, уәкілетті органдармен бұрынғы белгіленген сома қайтадан есептелінеді.
Тармақ 15
15. Көмек мөлшері норма шегінде қамтылған өтемақымен коммуналдық қызмет тұтынуы және тұрғын үйді ұстау үшін жалгердің (меншік иесінің), байланыс қызметіндегі телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемінің көбейген бөлігінің нақты төлемінің айырмашылығымен есептеледі және осы отбасының тиісті деңгейдегі осы мақсатқа арналған шектеулі шығыстары, нақты шығындар сомасынан аспауы тиіс.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үйлерді ұстауға нормативті есептік шығыстарды анықтау және коммуналдық қызметтерді беру Қазақстан Республикасы табиғи монополияны реттеу мен бәсекелестікті қорғау жөніндегі Департаменттің бақылауымен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган есептелген төлем сомасын көрсетіп, тұрғын үй көмегін алушылардың тізімдерін жасайды және әр айдың 5-ші күніне төлеу үшін қаржы органына жинақты ведомостар тапсырады.
Тармақ 19
19. Қаржы органдары тапсырылған төлем жұмсау ведомостары негізінде жергілікті аудандық бюджетте қарастырылғандай қаржы бөлу есебінен бағдарлама администраторына қаржы қайтарады.
Тармақ 20
20. Аудандық қаржы басқармасы жылына бір реттен артық емес, алғашқы құжаттар бойынша бюджет қаражатының тұрғын үй көмегіне жұмсалу дұрыстығына міндетті түрде тексеру жүргізеді.
Тармақ 21
21. Телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтардың әлеуметтік қорғау органына өтініш жасау тәртібі
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтардың әлеуметтік қорғау органына өтініш жасау тәртібі
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлер міндетті түрде әр тоқсан сайын «Жітіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне төмендегі құжаттарды:
Тармақша 1
1) тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішті;
Тармақша 2
2) үйдің жеке меншік құқығын немесе жалға алу жалдау шартын растайтын құжаттарды;
Тармақша 3
3) отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттар (тоқсан сайын). Жұмыс істейтіндер еңбек ақы туралы анықтама, ажырасқандар алынған алименттер туралы анықтама, жалғыз басты аналар 4 нөмір нысанындағы анықтаманы;
Тармақша 4
4) жәрдемақы мен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықты; электрондық базасынан алынатын жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері туралы мәліметтер негізінде, жасы жеткен зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар зейнетақылық кітапшасын көрсетеді;
Тармақша 5
5) жұмыссыздар уәкілетті органнан жұмыссыздығы туралы анықтамасын, еңбек кітапшасының көшірмесін береді;
Тармақша 6
6) коммуналдық қызмет тұтыну, тұрғын үй төлемі жөніндегі шығындар туралы құжаттарын және уәкілетті органмен куәландырылған (кызмет көрсетушілер немесе төлқұжат столы) отбасы құрамы туралы анықтаманы;
Тармақша 7
7) телекоммуникацияның қалалық жүйесінің абоненті екенін растайтын құжатты (шарт немесе телекоммуникация қызметі үшін есеп-квитанциясын) тапсыруға міндетті.
Тарау 5. 5. Отбасының жиынтық табысын анықтау
5. Отбасының жиынтық табысын анықтау
Тармақ 23
23. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы 2002 жылғы 7 қазандағы № 170 Жітіқара аудандық мәслихаты шешімімен бекітілген «Аудандық бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу Ережесіне» сәйкес анықталды.