Құжат мәтініне өту

О введении моратория на выделение бюджетных средств на отдельные расходы при планировании и самостоятельное использование экономии, образованной при исполнении бюджета по отдельным расходам

Қаулы · № 792 · қабылданған 24.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214713/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении моратория на выделение бюджетных средств на отдельные расходы при планировании и самостоятельное использование экономии, образованной при исполнении бюджета по отдельным расходам Қолданыста Қаулы ·№ 792 ·24.09.2025
24.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении моратория на выделение бюджетных средств на отдельные расходы при планировании и самостоятельное использование экономии, образованной при исполнении бюджета по отдельным расходам

Қолданыста Қаулы ·№ 792 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении моратория на выделение бюджетных средств на отдельные расходы при планировании и самостоятельное использование экономии, образованной при исполнении бюджета по отдельным расходам
Атауы (қаз.)
Жоспарлау кезінде бюджет қаражатын жекелеген шығыстарға бөлуге және бюджетті атқару кезінде жекелеген шығыстар бойынша қалыптасқан үнемдеуді дербес пайдалануға мораторий енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
792
Қабылданған күні
24.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
24.09.2025
Көрсетілген редакция
24.09.2025 214713_781744.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000792
ЭКБ идентификаторы
214713
Редакция идентификаторы
214713_781744
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:05

0 Жоспарлау кезінде бюджет қаражатын жекелеген шығыстарға бөлуге және бюджетті атқару кезінде жекелеген шығыстар бойынша қалыптасқан үнемдеуді дербес пайдалануға мораторий енгізу туралы

Республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру және оларға басымдық беру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

1 1) республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлау кезінде:

әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларға;
бюджеттен тыс жаңа қорлар құруға;
2022 жылдан бастап құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктердің объектілерін қоспағанда, мемлекеттік органдардың жаңа әкімшілік ғимараттары мен кешендерін салуға және сатып алуға;
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәдениет ұйымдарының жаңа объектілері мен құрылысжайларын салуға бюджет қаражатын бөлуге;

2 2) бюджеттік даму бағдарламалары және мемлекеттік сатып алу нәтижесінде күрделі шығыстар бойынша үнемдеуден қалыптасқан қаражатты бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дербес пайдалануына мораторий енгізілсін.

2

2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 2-бабы 3-тармағының талаптарын ескере отырып, осы қаулының 1-тармағының талаптары бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік жоспарлау, өңірлік саясат, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органдармен алдын ала келісілген іс-шараларды орындауға байланысты жағдайларға қолданылмайды.

3 3. Мораторий енгізу нәтижесінде босаған қаражат экономикалық өсуді қамтамасыз ететін басым жобаларға қайта бөлінсін.

4 4. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірлесіп:

1 1) 2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді және 2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының ережелерінің сақталуын қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы