Об утверждении Правил определения, опубликования стоимости цифровых активов и перечня их видов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения, опубликования стоимости цифровых активов и перечня их видов
- Атауы (қаз.)
- Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 531
- Қабылданған күні
- 25.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2025 214742_776306.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036938
- ЭКБ идентификаторы
- 214742
- Редакция идентификаторы
- 214742_776306
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:01
0 Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 325-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, цифрлық активтердің құнын жариялау тәртібі туралы қағидалары;
2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. «Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 172 бұйрығының күші жойылсын (құқықтық актілер тізілімінде № 34214 реттік санымен тіркелген).
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
1 Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы
25 қыркүйектегі
№ 531 Бұйрыққа
1-қосымша
Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 325-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
ақпарат көздерінен алынған баға – ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға;
цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, есеп айырысу ақша бірлігі және (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;
цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;
цифрлық майнинг – блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі;
цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
coinmarketcаp – нақты уақыты режимінде цифрлық активтердің құны, цифрлық активтерді капитализациялау туралы нарықтық деректер және цифрлық активтерді өткізу көлемі жарияланатын крипто-сайт.
2 2-тарау. Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық активтердің құнын айқындау үшін www.coinmarketcap.com интернет-желісінде жарияланған ақпаратты қолданылады.
Цифрлық активтердің құнын Комитет күн сайын www.coinmarketcap.com цифрлық активтер бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күні айқындалады.
Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көрсетілген цифрлық активтердің құны үшін Комитетпен www.сoinmarketcap.com тәулік қорытындысы бойыша қалыптасқан цифрлық активтердің орташа өлшенген құнын алынады.
Жұмыс емес күндері жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күні айқындалған цифрлық активтердің құны қолданылады.
4 4. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, цифрлық майнинг пулының, цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында цифрлық активтердің құны цифрлық актив алынған күнге айқындалады.
5
5. Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер оларды алған күніне уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес, ресми айқындалған бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеледі.
6
6. Комитет Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамасына сәйкес, интернет-желісі бар жеке және заңды тұлғамен цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді интернет-желісінде жариялауға салықтық әкімшілендіру үшін ақпараттық сервиске қолжетімділікті ұсыну бойынша қызмет көрсету туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт
(бұдан әрі – шарт) жасайды.
7 7. Комитет өзінің ресми www.kgd.gov.kz интернет-желісінде Шарт жасаған тұлға туралы және оның интернет-желісіне сілтемені жариялайды.
8 8. Шарт жасаған тұлға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей өзіне тиесілі интернет-желісінде Тізбеге сәйкес цифрлық активтердің құнын жариялайды.
Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнингтік пулдары, сондай-ақ цифрлық активтер биржалары Тізбеге енгізілмеген цифрлық активтер бойынша кірісті айқындау үшін www.coinmarketcap.com интернет-ресурсында орналастырылған цифрлық активтердің құнын пайдаланады.
2 Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы
25 қыркүйектегі
№ 531 Бұйрыққа
2-қосымша
Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі
№
Цифрлық активтердің атауы
Қысқаша атауы
1.
Bitcoin
BTC
2.
Bitcoin Cash
BCH
3.
Ethereum
ETH
4.
Litecoin
LTC
5.
Tether USDt
USDT
6.
BNB
BNB
7.
Cardano
ADA
8.
XRP (Ripple)
XRP
9.
Solana
SOL
10.
STEPN
GMT
11.
Polygon
MATIC
12.
EOS
EOS
13.
Ethereum Classic
ETC
14.
Chainlink
LINK
15.
TRON
TRX
16.
Biteeu Commodities Exchange Gold
BCXG
17.
DAI
DAI
18.
Galxe
GAL
19.
ApeCoin
APE
20.
GALA
GALA
21.
Unify Protocol DAO
UNFI
22.
Waves
WAVES
23.
NEAR Protocol
NEAR
24.
Cosmos
ATOM
25.
Mask Network
MASK
26.
Aptos
APT
27.
Algorand
ALGO
28.
Avalanche
AVAX
29.
Stellar
XLM
30.
1Inch Network
1INCH
31.
Fantom
FTM
32.
Audius
AUDIO
33.
Balancer
BAL
34.
Band Protocol
BAND
35.
Pax Dollar
USDP
36.
Nexo
NEXO
37.
Ocean Protocol
OCEAN
38.
Bifrost
BFC
39.
The Sandbox
SAND
40.
Ethereum Name Service
ENS
41.
dYdX
DYDX
42.
Curve DAO Token
CRV
43.
Fetch.ai
FET
44.
Aave
AAVE
45.
Chilliz
CHZ
46.
SPACE ID
ID
47.
Celo
CELO
48.
COTI
COTI
49.
Convex Finance
CVX
50.
Uniswap
UNI
51.
Filecoin
FIL
52.
Lido DAO
LDO
53.
The Graph
GRT
54.
Hot Cross
HOTCROSS
55.
Wrapped BTC
WBTC
56.
VeChain
VET
57.
Axie Infinity Shards
AXS
58.
Basic Attention Token
BAT
59.
Immutable
IMX
60.
Jasmy Coin
JASMY
61.
Label Foundation
LBL
62.
Livepeer
LPT
63.
Loopring
LRC
64.
Maker
MKR
65.
Pax Gold
PAXG
66.
pStake Finance
Pstake
67.
Quant
QNT
68.
Scallop
SCLP
69.
Skale
SKL
70.
Yearn.finance
YFI
71.
Arbitrum
ARB
72.
Compound
COMP
73.
Multiverse X
EGLD
74.
Conflux
CFX
75.
Enjin Coin
ENJ
76.
Golem
GLM
77.
Hedera
HBAR
78.
Hooked Protocol
Hook
79.
Decentraland
MANA
80.
Internet Computer Protocol
ICP
81.
Rocket Pool
RPL
82.
Stacks
STX
83.
Injective
INJ
84.
Frax Share
FXS
85.
Trust Wallet Token
TWT
86.
THORChain
Rune
87.
PancakeSwap
Cake
88.
Zilliqa
ZIL
89.
WAX
WAXP
90.
Osmosis
OSMO
91.
SingularityNET
AGIX
92.
NEM
XEM
93.
Gnosis
GNO
94.
Theta Fuel
TFUEL
95.
Ravencoin
RVN
96.
Flow
Flow
97.
Render
RNDR
98.
Optimism
OP
99.
Klaytn
Klay
100.
GMX
GMX
101.
eCash
XEC
102.
Kava
KAVA
103.
0x Protocol
ZRX
104.
Synthetics
SNX
105.
Theta Network
Theta
106.
Toncoin
TON
107.
USD Coin
USDC
108.
Polkadot
DOT
109.
Sui
SUI
110.
Binance USD
BUSD
111.
Lido Staked ETH
stETH
112.
Fractal Bitcoin
FB
113.
Alephium
ALPH
114.
Kaspa
KAS
Ескертпе: Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен цифрлық майнинг пулының өтініші негізінде толықтырылады.