Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии в области карантина и защиты растений

Бұйрық · № 1196/НҚ · қабылданған 25.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214757/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии в области карантина и защиты растений Қолданыста Бұйрық ·№ 1196/НҚ ·25.09.2025
25.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии в области карантина и защиты растений

Қолданыста Бұйрық ·№ 1196/НҚ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня видов деятельности, технологически связанных с услугами, осуществляемыми субъектом государственной монополии в области карантина и защиты растений
Атауы (қаз.)
Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1196/НҚ
Қабылданған күні
25.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
10.10.2025
Көрсетілген редакция
25.09.2025 214757_776215.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25F0001196
ЭКБ идентификаторы
214757
Редакция идентификаторы
214757_776215
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:02

0 Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі

0 Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік фитосанитариялық сараптама жүзеге асыру.

2

2. Карантинге жатқызылған өнімді фумигациялау және зарарсыздандыру, бюджет қаражаты есебінен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін аса қауіпті зиянды организмдердің (үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус)) ошақтарын оқшаулау және жою және (немесе) шұғыл шаралар жүргізу.

3

3. Пестицидтерді тіркеуге ұсынылатын тіркеу (ұсақ мөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу; ауыл шаруашылығы өнімдері мен топырақты пестицидтердің, нитраттардың және ауыр металл тұздарының қалдық мөлшеріне сынау; пестицидтердің әсер етуші заттарына сертификаттық сынақтар жүргізу; өсімдік өнімдері мен қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау әдістерін әзірлеу және бейімдеу.

Қолданыстағы