Об установлении образцов форменной одежды (без погон) должностных лиц таможен, таможенных постов и контрольно-пропускных пунктов на таможенной границе Таможенного союза и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении образцов форменной одежды (без погон) должностных лиц таможен, таможенных постов и контрольно-пропускных пунктов на таможенной границе Таможенного союза и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 523
- Қабылданған күні
- 15.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2018 21479_371213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000523
- ЭКБ идентификаторы
- 21479
- Редакция идентификаторы
- 21479_371213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:07
0 Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері бекітілсін.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысы;
2
2) «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 950 қаулысы.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері
1 1. Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының ерлерге арналған нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері
1 1. Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына (погонсыз) (1-сурет) мыналар кіреді:
1 1) қою көк түсті фуражка;
2 2) қою көк түсті пиджак;
3 3) сұр түсті шалбар;
4 4) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
5 5) қысқа жеңді ақ түсті жейде;
6 6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;
7 7) қою көк түсті тері күрте;
8 8) қою көк түсті теріден тігілген құлақшын;
9 9) сұр түсті кашне;
10 10) қара түсті жылы қысқа етік;
11 11) қара түсті туфли;
12 12) қара түсті белдік.
1-сурет
Ескертпе: 1 – күнделікті киім; 2 – жазғы киім; 3 – қысқы киім.
2 2. Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының әйелдерге арналған нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері
2 2. Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына (погонсыз) (2-сурет) мыналар кіреді:
1 1) сұр түсті берет;
2 2) қою көк түсті пиджак;
3 3) сұр түсті белдемше;
4 4) жеңі ұзын ақ түсті жейде;
5 5) жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
6 6) көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;
7 7) қою көк түсті тері күрте;
8 8) қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;
9 9) сұр түсті кашне;
10 10) қара түсті жылы етік;
11 11) қара түсті туфли.
2-сурет
Ескертпе: 1 – күнделікті киім; 2 – жазғы киім; 3 – қысқы киім.
3 3. Кеден одағының кедендік шекарасындағы кедендердің, кеден бекеттерінің және бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамдарының кеудеше үлгілері
3 3. Ерлерге және әйелдерге арналған қою көк түсті кеудеше (3-сурет):
3-сурет
Ескертпе: 1 – алдыңғы бөлігі; 2 – арқасы.