Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау

Өзге акт · № С-25/6 · қабылданған 29.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214889/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау Қолданыста Өзге акт ·№ С-25/6 ·29.09.2025
29.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау

Қолданыста Өзге акт ·№ С-25/6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов в городе Кокшетау
Атауы (қаз.)
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
С-25/6
Қабылданған күні
29.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
10.10.2025
Көрсетілген редакция
29.09.2025 214889_778453.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25BA00256M
ЭКБ идентификаторы
214889
Редакция идентификаторы
214889_778453
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:56

0 Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 бабының 10-33) тармақшасына, 10-8 бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабының 6 тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 1 параграфының 4 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

Көкшетау қаласы
мәслихатының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ С-25/6 шешіміне
1 қосымша
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

1 Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

1. 1 (бір) миллион теңге мемлекеттік қолдау шарасы ретінде.
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

1 1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне.

2 2. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне.

3 3. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне.

4 4. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға.

5 5. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға.

6 6. Жесір әйелдер (тұл ер адамдар).

7 7. «Алтын алқа, “Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға.

8 8. Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.

2 Көкшетау қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Көкшетау қаласы
мәслихатының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ С-25/6 шешіміне
2 қосымша
Көкшетау қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 тіркелген).

Қолданыстағы