О состоянии недропользования в Кызылординской области Қолданыста
Басқа 0
Қызылорда облысында жер қойнауын пайдалану жағдайы туралы
Қазіргі таңда Қызылорда облысының аумағында 70 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.
Жер қойнауын пайдаланушылардың іс-әрекетін талдау нәтижесінде олардың жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу ережелері мен нормаларын, заңнамалық актілердің талаптарын жүйелі түрде бұзатындары анықталды. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарының жекелген жағдайлары орындалмайды.
Мұнай компанияларының мұнай өндіруде негізінен жобалық шешімдер мен технологиялық тәртіптерді сақтамау, мұнайды белгіленген жобадан артық өндіру сияқты бұрмалаушылықтарға жол беруде. Ілеспе газды алауларда жағу жалғасуда. Колоннааралық қысымды ұңғымаларды пайдалану тоқтатылмай келеді.
Қоршаған ортаға техногендік әсерді азайту жөніндегі іс-шараларға іс жүзінде қаражат бөлінбейді. Мұнай құбырларында және терминалдарда темір жол цистерналарынан мұнай төгілу оқиғалары жиіленуде.
Шығарылған мұнай дұрыс есепке алынбайды. Өлшеу құралдары қанағаттанғысыз жағдайда.
Мұнай өндіру объектілерінде пайдалану мерзімі өтіп кеткен мұнай кәсіпшілігі құрал-жабдықтарын пайдалану оқиғалары кездесуде. Арнайы жұмыстарды (қызметтерді) орындалуға тіркелмеген және осы қызмет түрін атқаруға тиісті рұқсаты жоқ мердігерлік ұйымдар, оның ішінде шетелдіктер жіберілуде.
Жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттарда қарастырылған аймақты әлеуметтік қолдау және жергілікті инфрақұрылымды дамыту, геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыру, қазақстандық мамандарды оқыту және қайта даярлау жөніндегі міндеттемелерін орындамауда.
Қызылорда облысында жер қойнауын пайдалану жағдайы туралы ақпаратты талқылап , облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық энергетикалық инфрақүрылым және минералдық ресурстар басқармасы бастығы Ә. Уромбаевтың «Жер қойнауын пайдалану жағдайы туралы» хабарламасы еске алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстық энергетикалық инфрақүрылым және минералдық ресурстар басқармасы (Ә. Уромбаев) мен Қызылорда аймақтық жер қойнауын пайдалану және қорғау инспекциясы (Ш. Қалбергенов, келісім бойынша) тоқсан сайын облыстың жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт талаптарын орындаулары туралы ақпаратты облыс әкімиятына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-не тоқсан сайын ұсынуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдарға (келісім бойынша):
Тармақша 1
1)облыстың жер қойнауын пайдаланушылардың игеріліп жатқан кеніштерді пайдалану кезінде технологиялық тәртіптемелерді сақтауына, жобалық барлау және келісілген аумақтың игерілуін бақылауды күшейту;
Тармақша 2
2)геологиялық-барлау және өндіру жұмыстарын өздеріне белгіленген аумақта жүргізіп жатқан жер қойнауын пайдаланушылардың қаржыландыру міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3)жалпы таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру жағдайларын болдырмау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4)жер қойнауын пайдаланушыларды кешенді тексеруді жүйелі түрде жүргізу;
Тармақша 5
5)қаулының осы тармағының орындалу барысы туралы ақпаратты облыстық энергетикалық инфрақүрылым және минералдық ресурстар басқармасына жарты жылда бір рет беріп тұру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық прокуратураға (келісім бойынша) жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдармен (келісім бойынша) бірлесе отырып, облыстың жер қойнауын пайдаланушылардың қолданыстағы заңнама нормаларын сақтаулары жөнінде кешенді тексеру жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық энергетикалық инфрақүрылым және минералдық ресурстар басқармасы (Ә. Уромбаев) облыстың жер қойнауын пайдаланушыларға (Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзіретті органымен келісе отырып) облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға олардың қатысулары жөнінде қолданыстағы келісім-шарттарға толықтырулар енгізу туралы ұсыныспен шықсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім басқармасы (М. Өтемұратов) облыстық энергетикалық инфрақүрылым және минералдық ресурстар басқармасымен (Ә. Уромбаев) және Қызылорда аймақтық жер қойнауын пайдалану және қорғау инспекциясымен (Ш. Қалбергенов, келісім бойынша) бірлесіп, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарттарда жергілікті кадрларды оқытуға қаралғанымен пайдаланылмаған қаражаттарды облыстың білім саласын дамытуға бағыттау мәселесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен пысықтасын.
Тармақ 7
7. Облыстың мұнай компанияларына:
Тармақша 1
1) «Құмкөл-Ақшабұлақ-Қызылорда» автокөлік жолының жағдайын жақсарту жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 2
2) осы компанияларда жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың жалақысын көбейту мүмкіншілігін қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (М. Мәселеева) шетелдік жұмыс күшін тарту жөнінде рұқсат берер кезде шетелдік мамандарды жергілікті кадрлармен көбірек ауыстыру қажеттілігін ескерсін.
Тармақ 9
9. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері Қызылорда аймақтық жер қойнауын пайдалану және қорғау инспекциясымен (Ш. Қалбергенов, келісім бойынша) бірлесіп, облыс аумағындағы жер асты өздігінен ағатын су ұңғымаларын түгендеуден өткізсін және оларды пайдалану қызметін тәртіпке келтірсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің
орынбасары М. Есеновке жүктелсін.