Құжат мәтініне өту

О льготном проезде отдельных категорий пассажиров города Уральск для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Қаулы · № 1900 · қабылданған 28.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-214925/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О льготном проезде отдельных категорий пассажиров города Уральск для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) Қолданыста Қаулы ·№ 1900 ·28.08.2025
28.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде отдельных категорий пассажиров города Уральск для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)

Қолданыста Қаулы ·№ 1900 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде отдельных категорий пассажиров города Уральск для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси)
Атауы (қаз.)
Орал қаласы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1900
Қабылданған күні
28.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
12.10.2025
Көрсетілген редакция
28.08.2025 214925_776663.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25ZA001900
ЭКБ идентификаторы
214925
Редакция идентификаторы
214925_776663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:33

0 Орал қаласы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

1 1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

2 2) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға;

3 3) бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға;

4 4) екінші топ мүгедектігі бар адамдарға;

5 5) 7 (жеті) жасқа дейінгі балалар;

6 6) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар.

2 2. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайызы көлемінде жеңілдетілген Орал қаласының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

1 1) Мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 18 (он сегіз) жасқа дейінгі балалар тарифтің 50 (елу) пайызы мөлшерінде жол жүру құқығы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;

2 2) Мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүргендерге– тарифтің 50 (елу) пайызы немесе қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) теңгені, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңгемен жол жүру құқығына ие болу;

3 3) зейнеткерлер үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде тарифтің 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге мөлшерінде жол жүру құқығы, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;

4 4) Есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдар үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге;

5 5) Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтар үшін – қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 50 (елу) пайызы немесе 50 (елу) теңге, қолма-қол есеп айырысу үшін 100 (жүз) теңге.

3 3. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын.

4 4. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Орал қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы