Об утверждении правил общего водопользования в области Абай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил общего водопользования в области Абай
- Атауы (қаз.)
- Абай облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30/200-VIII
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 215037_777287.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25F030200M
- ЭКБ идентификаторы
- 215037
- Редакция идентификаторы
- 215037_777287
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:54
0 Абай облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Абай облысында ортақ су пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. «Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы» Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 28/188-VIII шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстарын реттеу,
қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу қорғау және
пайдалану жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы» РММ-нің басшысы
____________________ С. Мейрамбеков
2025 жылғы «_____» _____________
«Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстарын реттеу,
қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу қорғау және
пайдалану жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы» РММ-нің басшысы
____________________ М. Жәдігерұлы
2025 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
____________________ С. Сарбасов
2025 жылғы «_____» _____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті басшысы
____________________ Н. Ноғайбаев
2025 жылғы «_____» _____________
4 Абай облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Абай облысы мәслихатының
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 30/200-VIII шешімімен
бекітілді
Абай облысында ортақ су пайдалану қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Абай облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 14 шілдедегі № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және тұлғалардың Абай облысында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2
2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.