Құжат мәтініне өту

Об определении предельного размера налоговой задолженности

Бұйрық · № 552 · қабылданған 30.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-215069/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении предельного размера налоговой задолженности Қолданыста Бұйрық ·№ 552 ·30.09.2025
30.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении предельного размера налоговой задолженности

Қолданыста Бұйрық ·№ 552 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении предельного размера налоговой задолженности
Атауы (қаз.)
Салықтық берешектің шекті мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
552
Қабылданған күні
30.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2026
Көрсетілген редакция
30.09.2025 215069_787216.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037013
ЭКБ идентификаторы
215069
Редакция идентификаторы
215069_787216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:54

0 Салықтық берешектің шекті мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Салық төлеушіге – заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кəсіпкерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаға қойылатын салықтық берешектің шекті мөлшері айқындалсын, мына мөлшерден асқан кезде:
1) айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшерде:
Салық кодексінің 86-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату;
Салық кодексінің 185-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу;
2) айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерде:
Салық кодексінің 87-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық берешегінің сомасы шегінде мүлікке билік етуін шектеу;
Салық кодексінің 186-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторлар шотынан салықтық берешегін өндіріп алу;
Салық кодексінің 187-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салықтық берешегін өндіріп алу;
Салық кодексінің 188-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) жарияланған акцияларын мəжбүрлі түрде шығару;
3) айлық есептік көрсеткіштің 27 000 еселенген мөлшерде:
Салық кодексінің 189-бабында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу қолданылады.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

Қолданыстағы