Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 215101_778088.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NK00013B
- ЭКБ идентификаторы
- 215101
- Редакция идентификаторы
- 215101_778088
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:51
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 35–бабына сәйкес Қамысты ауданы Қарабатыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы " ММ-не Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,057 гектар (57м х 10м) жер учаскесіне "Қостанай облысы Қамысты ауданы Ливановка және Қарабатыр ауылдарында газ тарату желілерін салу" жобасы бойынша Қарабатыр ауылының газ реттеу пунктіне кірме жолды төсеу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің Қарабатыр ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;