Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ерейментауского района

Ереже · № 8C-45/4-25 · қабылданған 01.10.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-215125/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ерейментауского района Қолданыста Ереже ·№ 8C-45/4-25 ·01.10.2025
01.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ерейментауского района

Қолданыста Ереже ·№ 8C-45/4-25 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Ерейментауского района
Атауы (қаз.)
Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8C-45/4-25
Қабылданған күні
01.10.2025
Қолданысқа енгізілген күні
14.10.2025
Көрсетілген редакция
01.10.2025 215125_778681.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25BI037031
ЭКБ идентификаторы
215125
Редакция идентификаторы
215125_778681
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:49

0

Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Қағидалары мен мөлшері

Ерейментау аудандық мәслихатының
2025 жылғы 1 қазандағы
№ 8C-45/4-25 шешіміне
қосымша
Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын
және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Қағидалары мен мөлшері

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі-мамандар) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ағымдағы шот - банк шот шарты негізінде банк немесе банктік операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шоты;

2 2) коммуналдық қызметтер - тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұтынушыға сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жоюды, лифттерге қызмет көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;

3 3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады.

2 2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

4

4. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі (бұдан әрі - тізім), екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы операцияларын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы ақшалай нысанда көрсетіледі.

5 5. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

6 6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру Ерейментау ауданының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

7 7. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

8 8. ММ қызметкері мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды;

9

9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мамандардың ағымдағы шоттарына төлем төлеуді көрсетеді.

Қолданыстағы