О признании утратившими силу некоторых приказов Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Қолданыста
Бұйрық
·№ 427
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 427
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 215136_787579.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500037028
- ЭКБ идентификаторы
- 215136
- Редакция идентификаторы
- 215136_787579
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:54
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің
кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мына:
1 1) «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 63 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22193 болып тіркелді);
2
2) «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 339 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31416 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі