Об утверждении Инструкции по применению "Правил лицензирования перевозок пассажиров и грузов железнодорожным транспортом в Республике Казахстан" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін" қолдану бойынша нұсқаулықты бекіту туралы "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 714 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды лицензиялау ережелерін" қолдану бойынша нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясы (С.Ш.Есенов) Нұсқаулықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынсын.
Тармақ 3. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды лицензиялау ережелерiн" қолдану жөнiндегi Нұсқаулық
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министрдің м.а. Е.Е. Міржақыповқа жүктелсін. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрiнiң 1998 жылғы 7 қазандағы N 211 бұйрығымен Бекiтiлген "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды лицензиялау ережелерiн" қолдану жөнiндегi Нұсқаулық
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Жарлығының , Қазақстан Республикасы Министрлерi Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы туралы ереженi бекiту туралы" 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 257, "Жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлеу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулыларының талаптарын ескере отырып әзiрленген.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды лицензиялау ережелерiн бекiту туралы" (бұдан әрi мәтiн бойынша "Ережелер") Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714 қаулысымен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi лицензиар болып анықталды. "Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникациялық кешенiнде лицензиялық жұмысты ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1998 жылғы 3 ақпандағы N 22 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы жолаушылар мен жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау құқығына лицензиялар беру бойынша уәкiлеттi орган болып тағайындалды.
Тармақ 3
3. Көлiк инспекциясы жеке және заңды тұлғалардан түскен өтiнiштердi (1 және 2 қосымшалар) және соларға қоса берiлетiн құжаттар пакетін қарайды, жолаушылар мен жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаумен айналысуға лицензиялар береді.
Тармақ 4
4. Балансында, мүліктік жалдауында, сенімді басқаруында темір жол көлігінің жылжымалы құрамы, қатынас жолдары немесе кірме жолдары (қалтарыстары) бар немесе жалдайтын және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер лицензиялаудың субъектілері болып табылады. Шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар жолаушылар мен жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаумен айналысуға лицензияларды салықтық тіркеуден кейін, егер өзгешесі заңдармен қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларды алатын шарттармен және сондай тәртіпте алады.
Тармақ 5
5. Көлік құралдарын сату, жалға, сенімді басқаруға немесе мүліктік жалға беру кезінде лицензия жаңа иесіне, жалға алушыға, сенімді тұлғаға немесе жалдаушыға осы құралдарды қабылдау-тапсыру актілерін ұсынғаннан кейін жалпы негізде беріледі.
Тармақ 6
6. Жеке немесе заңды тұлға тапсырылған тасымалдауларды орындауға шетелдік азаматтарды қатыстырған жағдайда оның шетелдік жұмыс күшін пайдалануға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен немесе Алматы қаласының әкімшілігімен берілген лицензиясы болуы тиіс.
Тармақ 7
7. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның, оның еншілес кәсіпорындарының қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инспекциясының комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.<*> Қалған заңды және жеке тұлғаларға лицензиялар беруді олардың тіркелу орындары бойынша Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының аумақтық органдары жүргізеді. Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2000 жылғы 5 қазандағы N 403-1 бұйрығымен .
Тармақ 8
8. Комиссия Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаумен айналысу құқығына берілген барлық лицензиялардың тізілімін жүргізеді. Комиссияның құрамы және оның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инспекциясының бұйрықтарымен анықталады.
Тармақ 2. 2. Лицензияны ресімдеу тәртібі
2. Лицензияны ресімдеу тәртібі
Тармақ 9
9. Темір жол көлігімен тұрақты негізде тасымалдауларды жүзеге асыруға ниеттенген арыз берушіге қолдану мерзімі шектеусіз тиісті санатты басты лицензия беріледі:
Тармақша 1
1) жүктерді тасымалдауға - Жүк;
Тармақша 2
2) жолаушыларды тасымалдауға - Ж;
Тармақша 3
3) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға - ЖЖүк;
Тармақша 4
4) қауiптi жүктердi тасымалдауға (қауiптi жүктердiң түрiн көрсетумен) - ҚЖүк.
Тармақ 10
10. Басты лицензияда тасымалдауды жүзеге асырудың аумақтық салалары көрсетiледi:
Тармақша 1
1) халықаралық;
Тармақша 2
2) республикаiшiлiк;
Тармақша 3
3) жергiлiктi және қала маңындағы.
Тармақ 11
11. Егер арыз берушi белгiлi жүк мөлшерiн және (немесе) жолаушылар санын тасымалдау бойынша шаруашылық операцияны жүзеге асыруға немесе осындай тасымалдармен белгiлi уақыт айналысуға ниеттенсе, онда оған қолдану мерзiмiн көрсетумен бiр жолғы лицензия берiледi. Бiр жолғы лицензияда басты лицензиядағыдай оның санаты мен қолданудың аумақтық саласы көрсетiледi (осы Нұсқаулықтың 9 және 10 тармақтары).
Тармақ 12
12. Заңды және жеке тұлғаның арызы бойынша және ол бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болғанда түрлерi, санаты және қолданудың аумақтық саласы әртүрлi бiрнеше лицензиялар берiлуi мүмкiн. Мысалы: бiрi халықаралық және республикаiшiлiк қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға басты лицензия (ЖЖүк), екiншiсi - республикаiшiлiк, жергiлiктi және қала маңындағы қатынастарда "сұйытылған газ" қауiптi жүктi тасымалдауға (Қжүк).
Тармақ 13
13. Лицензияларды беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм айлық мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi үшiн барлық қажеттi құжаттармен өтiнiштi берген күннен бастап 10 күннен кешiктiрiлмей қабылданады.
Тармақ 3. 3. Есепке алу құжаты
3. Есепке алу құжаты
Тармақ 14
14. Лицензиатта екi және одан артық өзi жүзетiн көлiк құралдары бар болғанда олардың әрбiрiне есепке алу құжаты берiледi.
Тармақ 15
15. Есепке алу құжатында мыналар көрсетiледi:
Тармақша 1
1) оның нөмiрi, берiлген уақыты және қолдану мерзiмi;
Тармақша 2
2) ол берiлген лицензияның нөмiрi, берiлген уақыты және қолдану мерзiмi;
Тармақша 3
3) лицензияның иесi, оның телефоны, факсы;
Тармақша 4
4) көлiк құралының түрi;
Тармақша 5
5) жасалған жылы, уақыты және соңғы жөндеудiң түрi;
Тармақша 6
6) тасымалдаудың рұқсат етiлген түрлерi және iс-әрекет салалары, қауiптi жүктiң түрi (сыныбы);
Тармақша 7
7) есепке алу құжатын берген орган.
Тармақ 16
16. Заңдарды бұзуды, көлiк құралдарының сертификаттар мен қолданылатын стандарттардың талаптарына, сондай-ақ қызмет көрсететiн қызметшiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкессiздiгiн айқындағанда, нақты көлiк құралының есепке алу құжаты алынады. Сонымен қатар көлiк құралы кемшілiктердi жойғанша пайдаланудан алынады.
Тармақ 4. 4. Лицензиялық алым
4. Лицензиялық алым
Тармақ 17
17. Лицензиялық алымның мөлшерi мен төлеу тәртiбi салық заңдарымен анықталады.
Тармақ 18
18. Басты лицензияны алу үшiн арыз берушi екi шот бойынша 20 еселiк есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы лицензиялық алымды төлейдi: 98 проценттi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне және жеке 2 проценттi - лицензиардың шотына.
Тармақ 19
19. "Ережелердiң" 12 тармағына сәйкес, заңды тұлға қайта тiркелген жағдайда лицензия әрекет мерзiмi аяқталғанға дейiн күшiн сақтайды. Лицензияны жоғалтқан жағдайда көшiрмесiн беру лицензиялық алымнан 50 процент мөлшерiндегi қосымша төлемдi енгiзгеннен кейiн жүзеге асырылады. Осы кезде жаңа берiлетiн бланкiде мiндеттi түрде "көшiрме" мөртабаны қойылады. Есепке алу құжатының көшiрмесiн бергенде осыған ұқсас тәртiп орнатылады.
Тармақ 5. 5. Арыз берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар
5. Арыз берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар
Тармақ 20
20. Лицензияны алу үшiн заңды және жеке тұлғалар "Ережелердiң" 8-бабында көрсетiлген құжаттардан басқа арыз берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын мына құжаттарды көрсетедi:
Тармақша 1
1) Лицензияланатын қызметке жауаптыны тағайындау туралы бұйрық және темiр жол тасымалдарына байланысты арнайы орташа немесе жоғарғы техникалық бiлiмiнiң немесе темiр жол көлiгi жүйесiнде кемiнде үш жыл жұмыс өтiлi барын растайтын құжаттар;
Тармақша 2
2) Әрбiр бөлiмше бойынша темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатты алған мамандардың тiзiмдерi (3-10 қосымша);
Тармақша 3
3) Лицензияланатын қызметтi жүзеге асыруға арналған жылжымалы құрамның, соның iшiнде жалға алынған, сенiмдi басқарудағы немесе мүлiктiк жалдаудағы мүкәммалдық паркi туралы мәлiметтер (11 қосымша);
Тармақша 4
4) Мүкәммалдық парктiң тасымалдарға әзiрлiгi туралы анықтама (12 қосымша);
Тармақша 5
5) Меншiктi жылжымалы құрамы болғанда - оны Ресей Федерациясы Қатынас жолдары министрлiгiнiң Бас есептеу орталығының меншiктi вагондар паркi мәлiметтерiнiң автоматтандырылған банкiнде (ВПМ АБ) тiркелуi туралы куәлiк. Осындай вагондарды тасымалдар үшiн пайдалану "Меншiктi жүк вагондарының жүрiп тұруы мен есепке алыну ережелерiне" дәл сәйкестiкпен жүзеге асырылуы тиiс;
Тармақша 6
6) жылжымалы құрамның тасымалдарды жүзеге асыруға жарамдылығы туралы санитарлық және өрттi қадағалау органдарының қорытындысы;
Тармақша 7
7) Мiндеттi сақтандыру түрлерiн растайтын құжаттар мен полистердiң көшiрмелерi (қызметкерлердi өндiрiсте бақытсыздық жағдайларынан және кәсiби аурулардан және тасымалдаушының жолаушылардың алдында азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандыру);
Тармақша 8
8) Шетелдiк заңды тұлғалар (резидент емес), шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн - салықтық тiркелуi туралы анықтама;
Тармақша 9
9) Шетелдiк жұмыс күшiнiң жоқтығы туралы анықтама, ал оны пайдаланғанда - тиiстi лицензияның көшiрмесiн;
Тармақша 10
10) Лицензия алуға бухгалтерлiк сенiмхат.
Тармақ 21
21. Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру үшiн өтiнiш берушi қосымша мыналарды ұсынуға мiндеттi:
Тармақша 1
1) Жылжымалы құрамның қауiптi жүктердiң нақты түрлерiн (сыныптарын) тасымалдауды жүзеге асыруға жарамдылығы туралы санитарлық және өрттi қадағалау органдарының қорытындысы;
Тармақша 2
2) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруға тағайындалған қызмет көрсететiн қызметшiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) Тасымалдауға жататын қауiптi жүктердiң тiзбесi.
Тармақ 6. 6. Лицензияны шақыртып алу және күшін тоқтату
6. Лицензияны шақыртып алу және күшін тоқтату
Тармақ 22
22. Лицензияның күшi "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заң күшi бар N 2200 Жарлығының 21-бабында көрсетiлген жағдайларда тоқтайды.
Тармақ 23
23. Лицензиар сот арқылы лицензияны мына жағдайларда шақыртып алуы мүмкін:
Тармақша 1
1) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамағанда;
Тармақша 2
2) сот лицензиатқа темiр жол көлiгiмен тасымалдар жасаумен айналысуға тыйым салғанда;
Тармақша 3
3) лицензиар солар бойынша лицензияның күшiн тоқтатқан себептердi жоймағанда.
Тармақ 24
24. Лицензиялық заңдарды бұзу деректерiн айқындағанда Көлiк инспекциясы және оның аумақтың органдары лицензияның күшiн, осындай шешiмнiң себептерiн көрсетумен, алты айдан асырылмайтын мерзiмге тоқтатуға құқылы. Лицензиат лицензияның күшiн тоқтату туралы шешiмге сот арқылы шағым беруге құқылы.
Тармақ 7. 7. Жауапкершiлiк және бақылау
7. Жауапкершiлiк және бақылау
Тармақ 25
25. Лицензия беруден негiзсiз бас тартуы немесе лицензиаттың құқығын бұзуы үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңдармен белгiленген тәртiпте жауап бередi.
Тармақ 26
26. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдаумен лицензиясыз не болмаса лицензиялық нормалар мен ережелердi бұзумен айналысу заңдармен белгiленген әкiмшiлiк, қылмыстық, мүлiктiк жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
Тармақ 28
28. Лицензиялық заңдар мен лицензияны қолдану шарттарын бұзуларды лицензиар өзi де, сонымен қатар оған тексерушi, бақылаушы, қадағалаушы, құқық қорғау органдары және олардың лауазымды тұлғалары, бұқаралық, ақпараттар құралдары, тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдары, азаматтар көрсеткен мәлiметтердiң негiзiнде де анықтауы мүмкiн.
Тармақ 29
29. Темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi лицензиялауға жататын тасымалдармен лицензиясыз айналысудың әрбiр анықталған дерегi бойынша Көлiк инспекциясы және оның аумақтық органдары заңсыз алынған табыстың мөлшерiн анықтау және оны бюджетке алып қою үшiн тиiстi материалдарды салық полициясының органдарына ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 30. Арыз
30. Бақылаудың түпкiлiктi мақсаты темiр жол тасымалдарының қауiпсiздiгiн, санитарлық және экологиялық ережелердi қамтамасыз ету, көлiк қызмет көрсетулерiн тұтынушылардың құқықтары мен мүддесiн қорғау болып табылады. Лицензиялық ережелер мен шарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн, сондай-ақ "Ережелердiң" 18 және 19 тармақтарымен қарастырылған Темiр жол көлiгiнiң мамандарын аттестаттауды жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi анықтайды. 1 қосымша Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясына ________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) ________________________________________________________________________ Арыз ________________________________________________________________________ (іс-әрекеттің аумақтық саласы көрсетіледі: республикаішілік, жергілікті __________________қатынаста темір жол көлігімен __________________________ (және қала маңындағы                              (лицензияның санаттары __________________________________________________________________________ көрсетіледі: жүктерді - Жүк, жолаушыларды - Ж, жолаушылар мен жүктерді - ЖЖүк, _______________тасымалдауды жүзеге асыруға 199___ж."____"_____________ қауіпті жүктерді - ҚЖүк) бастап 199__ж."___"____________ дейінгі мерзімге (бір жолғы лицензия үшін) лицензия беруіңізді сұраймын. Заңды тұлға туралы мәліметтер: Меншік нысаны _______________________________________________________ Құрылған жылы _______________________________________________________ Тіркеу туралы куәлік ________________________________________________ ________________________________________________________________________ (N, кім және қашан берген) Мекенжайы ___________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, N, телефон, факс) Банкілік деректері __________________________________________________ Қоса берілетін құжаттар _____________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Басшы ________________            ___________________________________ (қолы)                               (Т.А.Ә.а.) Мөр орны 199__ж."___"_________  199__ ж."___"__________ арыз қарауға қабылданды. ________________________________________________________________________ (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, Т.А.Ә.а.) 2 қосымша Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясына ________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты) ________________________________________________________________________ Арыз ________________________________________________________________________ (іс-әрекеттің аумақтық саласы көрсетіледі: республикаішілік, жергілікті ________________қатынаста темір жол көлігімен __________________________ және қала маңындағы)                          (лицензияның санаттары _________________________________________________________________________ көрсетіледі: жүктерді - Жүк, жолаушыларды - Ж, жолаушылар мен жүктерді - ЖЖүк, _______________тасымалдауды жүзеге асыруға 199___ж."____"_____________ қауіпті жүктерді - ҚЖүк) бастап 199__ж."___"____________ дейінгі мерзімге(бір жолғы лицензия үшін) лицензия беруіңізді сұраймын. Жеке тұлға туралы мәліметтер: Туған жылы __________________________________________________________ Төлқұжат мағлұматтары ____________________________________________________ (серия N, кім және қашан берген) Шаруашылық субъектісін тіркеу туралы куәлік (қажет болған жағдайда) _________________________________________________________________________ (N, кім және қашан берген) Мекенжайы ______________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, N, телефон, факс) Есеп айырысу шоты (егер болса)_________________________________________ (есепшот N, банкіні аты мен орналасқан жері) Қоса берілетін құжаттар ________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________            ______________________________________ (қолы)                               (Т.А.Ә.а.) 199__ж."___"___________ 199__ ж."___"__________ арыз қарауға қабылданды. ________________________________________________________________________ (лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, Т.А.Ә.а.) 3 қосымша Лицензиат _______________________________ Қызмет ___ локомотив шаруашылығы Телефондары ____________________ Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатталған мамандардың Тізімі __________________________________________________________________________ |N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы |  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша аттестат. |  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау |  |                                         |         |  өтілі  |уақыты |_________________________________________   |_________|_________|________ |1 |                     2                   |    3    |    4    |     5 |_________________________________________   |_________|_________|________ |1.|Депо бастықтары және олардың             |         |         | |  |орынбасарлары                            |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |3)|                                         |         |         | |_________________________________________   |_________|_________|________ |2.|Машинист-нұсқаушылар                     |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |3)|                                         |         |         | |_________________________________________   |_________|_________|_________ |3.|Локомотивтердің машинистері              |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |3)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ Лицензиат              ___________________________ қолы, тегі, а.,ә.а. Мөрдің орны 4 қосымша Лицензиат _______________________________ Қызмет ___ жол шаруашылығы (жолдың әрбір дистанциясы үшін) Телефондары ____________________ Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатталған мамандардың Тізімі __________________________________________________________________________ |N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы |  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат. |  |                                         |мамандығы|  жұмыс  |тау |  |                                         |         |  өтілі  |уақыты |_________________________________________   |_________|_________|________ |1 |                     2                   |    3    |    4    |     5 |   _________________________________________|_________|_________|_______ |1.|Жол дистанциясының бастықтары және       |         |         | |  |олардың орынбасарлары                    |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |3)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|______ |2.|Жол бөлімшелерінің жол шеберлері         |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|________ |3.|Жасанды құрылыстар бойынша бригадирлер   |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |3)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |4.|Жол монтерлары                           |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ Лицензиат          ___________________________ қолы, тегі, а.,ә.а. Мөрдің орны 5 қосымша Лицензиат _______________________________ Қызмет ___ дабыл және байланыс шаруашылығы (әрбір байланыс және дабыл дистанциясы үшін) Телефондары ____________________ Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатталған мамандардың Тізімі __________________________________________________________________________ |N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы |  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат. |  |                                         |мамандығы|  жұмыс  |тау |  |                                         |         |  өтілі  |уақыты |   _________________________________________|_________|_________|________ |1 |                     2                   |    3    |    4    |     5 |   _________________________________________|_________|_________|_______ |1.|Дабыл және байланыс дистанцияларының     |         |         | |  |бастықтары және олардың орынбасарлары    |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_______ |2.|Дабылдың желілік құрылғыларына қызмет    |         |         | |1)|көрсету бойынша аға электр механиктер    |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_______ |3.|Байланыстың желілік құрылғыларына қызмет |         |         | |1)|көрсету бойынша аға электр механиктер    |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |4.|Дабыл және байланыс құрылғыларына қызмет |         |         | |1)|көрсету бойынша электр механиктер        |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|________ Лицензиат           ___________________________ қолы, тегі, а.,ә.а. Мөрдің орны 6 қосымша Лицензиат _______________________________ Қызмет ___ электрмен жабдықтау шаруашылығы (электрмен жабдықтаудың әрбір дистанциясы үшін) Телефондары ____________________ Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатталған мамандардың Тізімі __________________________________________________________________________ |N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы |  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат |  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау |  |                                         |         |  өтілі  |уақыты |   _________________________________________|_________|_________|______ |1 |                     2                   |    3    |    4    |     5 |   _________________________________________|_________|_________|________ |1.|Электр жабдықтау дистанцияларының бастық.|         |         | |  |тары және олардың орынбасарлары          |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_______ |2.|Аға энергия диспетчерлері                |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|______ |3.|Аға электр механиктер                    |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|________ |4.|Электр механиктер                        |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_______ Лицензиат           ___________________________ қолы, тегі, а.,ә.а. Мөрдің орны 7 қосымша Лицензиат _______________________________ Қызмет ___ вагон шаруашылығы (әрбір жүк жолаушылар вагондарының депосы үшін) Телефондары ____________________ Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатталған мамандардың Тізімі __________________________________________________________________________ |N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы |  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат. |  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау |  |                                         |         |  өтілі  |уақыты |   _________________________________________|_________|_________|_________ |1 |                     2                   |    3    |    4    |     5 |   _________________________________________|_________|_________|________ |1.|Вагон депосының бастықтары және          |         |         | |  |олардың орынбасарлары                    |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |  |                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |2.|Техникалық қызмет көрсету пункттерінің   |         |         | |1)|бастықтары                               |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |3.|Вагондардың аға қараушылары              |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|________ |4.|Вагондарды тиеуге апаруда қызмет         |         |         | |1)|көрсететін вагонды қараушылар            |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ Лицензиат              ___________________________ қолы, тегі, а.,ә.а. Мөрдің орны 8 қосымша Лицензиат _______________________________ Қызмет ___ фирмалық қызмет көрсету үшін Телефондары ____________________ Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатталған мамандардың Тізімі __________________________________________________________________________ |N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы |  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат. |  |                                         |мамандығы|  жұмыс  |  тау |  |                                         |         |  өтілі  |уақыты |   _________________________________________|_________|_________|_________ |1 |                     2                   |    3    |    4    |     5 |   _________________________________________|_________|_________|________ |1.|Директорлар және олардың орынбасарлары   |         |         | |  |Жолаушылар тасымалдау шаруашылығының     |         |         | |1)|басшылары және олардың орынбасарлары     |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|________ |2.|Аудандық жүк стансаларының бастықтары    |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |3.|Вокзалдардың бастықтары және олардың     |         |         | |1)|орынбасарлары                            |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |4.|Билет кассаларын меңгерушілер            |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_______ |5.|Коммерциялық ревизорлар                  |         |         | |1)|Жолаушылар поездарын бақылайтын          |         |         | |2)|ревизорлар                               |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_______ Лицензиат              ___________________________ қолы, тегі, а.,ә.а. Мөрдің орны 9 қосымша Лицензиат _______________________________ Қызмет ___ тасымалдау шаруашылығы (тасымалдаудың әрбір бөлімшесі үшін) Телефондары ____________________ Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатталған мамандардың Тізімі __________________________________________________________________________ |N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы |  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат. |  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау |  |                                         |         |  өтілі  | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |1 |                     2                   |    3    |    4    |     5 |   _________________________________________|_________|_________|_________ |1.|Тасымалдау бөлімшелерінің бастықтары және|         |         | |  |олардың орынбасарлары                    |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |2.|Станса бастықтары және олардың           |         |         | |1)|орынбасарлары                            |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|________ |3.|Аға, поез, локомотив, станса және маневр |         |         | |1)|диспетчерлері                            |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |4.|Қозғалыс қауіпсіздігінің ревизорлары     |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ Лицензиат              ___________________________ қолы, тегі, а.,ә.а. Мөрдің орны 10 қосымша Лицензиат _______________________________ Қызмет ___ қозғалыс қауіпсіздігі бойынша (әрбір тасымалдау бөлімшесі үшін) Телефондары ____________________ Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қызмет көрсетумен айналысатын аттестатталған мамандардың Тізімі __________________________________________________________________________ |N |Қызметтер мен кәсіптердің атауы, маманның| Білімі  |Мамандығы|   Соңғы |  |           тегі, аты, әкесінің аты       | бойынша | бойынша |аттестат. |  |                                         |мамандығы|  жұмыс  | тау |  |                                         |         |  өтілі  |уақыты |   _________________________________________|_________|_________|________ |1 |                     2                   |    3    |    4    |     5 |   _________________________________________|_________|_________|________ |1.|Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас ревизор|         |         | |  |және оның орынбасарлары                  |         |         | |1)|                                         |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|________ |2.|Бөлімшелердің қозғалыс қауіпсіздігі      |         |         | |1)|бойынша бас ревизорлар және олардың      |         |         | |2)|орынбасарлары                            |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|_________ |3.|Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас        |         |         | |1)|ревизор аппаратының ревизорлары          |         |         | |2)|                                         |         |         | |   _________________________________________|_________|_________|________ Лицензиат              ___________________________ қолы, тегі, а.,ә.а. Мөрдің орны 11 қосымша Лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға арналған жылжымалы құрамның, соның ішінде жалға алынған мүкәммалдық паркі туралы мәліметтер ________________________________________________________________________ (локомотив депосы, вагон депосы, жолаушылар вагонының депосы) __________________________________________________________________________ |  Жылжымалы құрамның      |                   соның ішінде |  үлгілері                ______________________________________________ |                          |пайдаланы. |пайдаланы.|жөндеуде|бұзылып |Жалға |                          |латын парк,|майтын    |        |тұрғанд.|беріл. |                          |бірлік     |парк,     |        |паркі   |гені |                          |           |бірлік    |        |        | ________________________|___________|__________|________|________|____ |1. Локомотивтер:          |           |          |        |        | |   жүк:                   |           |          |        |        | |а. Тепловоздар:           |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |   ...                    |           |          |        |        | |б. Маневрлік тепловоздар: |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |   ...                    |           |          |        |        | |в. Электровоздар:         |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |   ...                    |           |          |        |        | ________________________|___________|__________|________|________|_____ |   жолаушылар:            |           |          |        |        | |а) Тепловоздар:           |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |   ...                    |           |          |        |        | |б. Электровоздар:         |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |   ...                    |           |          |        |        | ________________________|___________|__________|________|________|____ |2. Вагондар:              |           |          |        |        | |   жүк:                   |           |          |        |        | |   жабылған:              |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |   ...                    |           |          |        |        | |   платформалар:          |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |   ...                    |           |          |        |        | _________________________|___________|__________|________|________|_____ |жартылай вагондар:        |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |цистерналар               |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |изотермикалық вагондар:   |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |арнайы вагондар:          |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |контейнерлер              |           |          |        |        | |  3-тонналық              |           |          |        |        | |  5-тонналық              |           |          |        |        | |  10-тонналық             |           |          |        |        | |  20-тонналық             |           |          |        |        | |  40-тонналық             |           |          |        |        | ________________________|___________|__________|________|________|_____ |жолаушылар вагондар:      |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |купе:                     |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |плацкарт:                 |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |2 орындық ЖВ:             |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |облысаралық:              |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |вагон-ресторандар:        |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |багаж:                    |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |    N                     |           |          |        |        | |почта-багаждық:           |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | |   N                      |           |          |        |        | _______________________|___________|__________|________|________|____ Лицензиат                                     қолы М.О. Мүкәммалдық парктің тасымалдарға әзірлігі туралы анықтама _____________________________________ (депо бойынша) __________________________________________________________________________ |N|берілген|жылжыма.|жылжы.|жасал.|контей.|    жүк     |қызмет|жүру| соңғы | |нөмірі  |лы құрам|малы  |ған   |нерлер |көтергіштігі|саласы|учас|жөндеу | |        |  ның   |құрам.|жылы  |       |немесе сый. |      |кесі|түрі | |        | моделі |ның   |      |       | ымдылығы   |      |    |және | |        |        |түрі  |      |       |            |      |    |оның | |        |        |      |      |       |            |      |    |уақыты |  ________|________|______|______|_______|____________|______|____|______ |  ________|________|______|______|_______|____________|______|____|_______ Лицензиат                  _____________________________ қолы, тегі, а., ә.а. Мөрдің орны