Об утверждении Правил общего водопользования в Туркестанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил общего водопользования в Туркестанской области
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18/252-VIII
- Қабылданған күні
- 26.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2025 215202_778189.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25U018252M
- ЭКБ идентификаторы
- 215202
- Редакция идентификаторы
- 215202_778189
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:58
0 Түркістан облысында ортақ су пайдалану
Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары осы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Түркістан облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары
Түркістан облыстық мәслихатының
2025 жылғы 26 қыркүйектегі
№18/252-VІІІ шешіміне қосымша
Түркістан облысында ортақ су пайдаланудың
Қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Түркістан облысыныда ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың Түркістан облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.
Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.
2 2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі
Түркістан облысының әкімдігі жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:
1 1) су объектілеріне кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етеді;
2 2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;
3 3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;
4 4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.
6 6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда аудан, қала әкімдіктері Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.
7 7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, аудан, қала әкімдіктерінің интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.
8 8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен
су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.