Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания Министерства туризма и спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 215303_787002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25TS000183
- ЭКБ идентификаторы
- 215303
- Редакция идентификаторы
- 215303_787002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:54
0 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрілігі
1 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 183 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік сұранымды қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға тапсырыс беру.
2 2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі
3 3. Мемлекеттік тапсырмасының құны тікелей және жанама шығыстардың сомасы негізге ала отырып, мынадай формуламен белгіленеді:
Қ = ТШ+ЖШ, мұндағы:
Қ – мемлекеттік тапсырманың құны;
ТШ – тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар (әкімшілік шығындар).
4 4. Мемлекеттік тапсырманың құнына мынадай шығындар енгізілмейді:
1 1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;
2 2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
3 3) демеушілік көмек;
4 4) өз кірісінен шығыстары;
5 5) жарғылық капиталды ұлғайту;
6 6) негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығыстар және амортизация шығыстары.
3 3-тарау. Мемлекеттік тапсырмасының құнын белгілеуге арналған шығыстардың түрлері
5 5. Тікелей шығындар мемлекеттік тапсырманы жүргізуге байланысты мынадай шығыстарды:
1 1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды;
2 2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;
3 3) өндірістік персоналдың және шақырылған сыртқы сарапшылардың іссапар шығыстарын;
4 4) техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтер, авторлық және сабақтас құқықтар бойынша шығыстарын;
5 5) тауар-материалдық қорларды (жанар-жағармай материалдарын, шаруашылық материалдарын, кеңсе керек-жарақтарын, дәрі-дәрмектерді, оқу процесін жүзеге асыруға арналған материалдарды) сатып алуды;
6 6) байланыс қызметтері (пошта, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы қызметтері, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс);
7) жалға алу бойынша қызметтерді;