Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных

Бұйрық · № 351 · қабылданған 03.10.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-215304/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных Қолданыста Бұйрық ·№ 351 ·03.10.2025
03.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных

Қолданыста Бұйрық ·№ 351 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных
Атауы (қаз.)
Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
351
Қабылданған күні
03.10.2025
Қолданысқа енгізілген күні
11.10.2025
Көрсетілген редакция
03.10.2025 215304_787226.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037075
ЭКБ идентификаторы
215304
Редакция идентификаторы
215304_787226
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:48

0 Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің

кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі шаралардың қабылданғаны туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

6 6. Осы бірлескен бұйрық 2025 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі

Қолданыстағы