Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Положение о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза»

Қаулы · № 765/10 · қабылданған 07.10.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-215310/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в Положение о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза» Күшін жойған 24.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в Положение о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза»

Күшін жойған Қаулы № 765/10 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Положение о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза»
Атауы (қаз.)
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
765/10
Қабылданған күні
07.10.2025
Көрсетілген редакция
24.07.2026 215310_832234.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25PC76510A
ЭКБ идентификаторы
215310
Редакция идентификаторы
215310_832234
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:41
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 24.07.2026 № 524/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1173/11 қаулысымен бекітілген «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) келесі өзгерістер енгізілсін:

Ереженің 17-тармағының 36) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«36) Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті  атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді заңнамаға сәйкес беру»;
Ереженің 17-тармағының 38) тармақшасы алынып тасталсын.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.