Об утверждении Правил общего водопользования Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил общего водопользования Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының Ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 327
- Қабылданған күні
- 02.10.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 19.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2025 215315_779841.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25K000327M
- ЭКБ идентификаторы
- 215315
- Редакция идентификаторы
- 215315_779841
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:48
0 Қарағанды облысының Ортақ су пайдаланудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының Ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қарағанды облысының Ортақ су пайдалану қағидалары
Қарағанды облыстық мәслихатының
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 327 шешіміне
қосымша
Қарағанды облысының Ортақ су пайдалану қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қарағанды облысында Ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі №171-НҚ бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) негізінде әзірленген және жеке тұлғалардың Қарағанды облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2
2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.