Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил прохождения занятий или сборов по боевой подготовке, сборов при кризисных ситуациях военнослужащими, проходящими воинскую службу в резерве

Бұйрық · № 737 · қабылданған 30.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-215443/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил прохождения занятий или сборов по боевой подготовке, сборов при кризисных ситуациях военнослужащими, проходящими воинскую службу в резерве Қолданыста Бұйрық ·№ 737 ·30.09.2025
30.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил прохождения занятий или сборов по боевой подготовке, сборов при кризисных ситуациях военнослужащими, проходящими воинскую службу в резерве

Қолданыста Бұйрық ·№ 737 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил прохождения занятий или сборов по боевой подготовке, сборов при кризисных ситуациях военнослужащими, проходящими воинскую службу в резерве
Атауы (қаз.)
Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
737
Қабылданған күні
30.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
30.09.2025
Көрсетілген редакция
30.09.2025 215443_787237.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25C0000737
ЭКБ идентификаторы
215443
Редакция идентификаторы
215443_787237
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:54

0 Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери

қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидаларын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 40-4-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2025 жылғы «___» қыркүйектегі
№ _____ бұйрығымен
бекітілді
Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери
қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидалары

1

1. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілердің (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдар) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту тәртібін айқындайды.

2

2. Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан өтуі (бұдан әрі – резрвтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлығы) әскери басқару бөлімшелері мен органдарын олардың мақсаты бойынша міндеттерді орындау үшін даярлауға бағытталған оқыту (үйлестіру) процесін қамтиды.

3

3. Резервтегі әскери адамдарды жауынгерлік даярлаудың мақсаттары жеке құрамның жеке, әскери-кәсіптік даярлығының, моральдық-психологиялық тұрақтылығы мен дене дайындығының талап етілетін деңгейін қалыптастыру, қолдау және жетілдіру, әскери бөлімдерді (бөлімшелерді) бейбіт және соғыс уақытында олардың мақсатына сәйкес қызметтік-жауынгерлік (жауынгерлік) міндеттерді орындау үшін үйлестіру болып табылады.

4 4. Резервтегі әскери адамдарды жауынгерлік даярлаудың негізгі міндеттері:

1 1) жауынгерлік әзірліктің жоғары (жедел-қызметтік) дәрежесіне келтіру, жауынгерлік (арнайы) міндеттерді орындау барысында лауазымдық және арнайы міндеттерін орындауға, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы сенімді қолдануға даярлау;

2 2) қарауылдар, әскери жасақтар, есептоптар, батальондық және жиынтық-тактикалық топтар, бөлімшелер құрамында өздерінің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындау және штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы жауынгерлік мақсаты бойынша шебер қолдану жөніндегі іс-қимылдарға үйрету;

3 3) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін меңгеру, оларды дұрыс пайдалануда және жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұстауда, қауіпсіздік талаптарын орындауда білім мен дағдысын дарыту;

4 4) қиын жағдайларда батылдық пен табандылықты физикалық төзімділік пен ептілікті, күштік және психологиялық жүктемені көтеру қабілетін қалыптастыру болып табылады.

5 5. Резервтегі әскери адамдарды жауынгерлік даярлау басқару органдары мен әскерді жауынгерлік даярлау мәселелері жөніндегі құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылады.

6 6. Резервтегі әскери адамдарды жауынгерлік даярлау басшысы рзервтегі әскери адамдар әскери қызмет өткеретін бөлімшенің командирі (бастығы) болып табылады.

7 7. Резервтегі әскери адамдардың даярлық деңгейін есепке алу үшін жеке және штаттық (құрама) бөлімше құрамында бақылау (бақылау-тексеру) сабақтары өткізіледі.

8 8. Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлығын өткізу кестесі оқу жылына:

1 1) алғаш рет - резервте әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін үш күн ішінде;

2 2) кейіннен - жыл сайын 30 қарашаға дейін жасалады.

Резервтегі әскери адамдардың жауынгерлік даярлығын өткізу кестесінен үзінді резервтегі әскери адамға оның негізгі жұмыс орнына жіберу үшін беріледі.

9 9. Резервтегі әскери адамдардың дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өтуі дағдарысты ахуалдарды оқшаулау және жою үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайда әскери бөлім (мекеме) мен бөлімше құрамында іс-шараларды орындауды қамтиды.

Дағдарыстық ахуалдар туындаған кезде резервтегі әскери адамдардың келу мерзімдері мен тәртібін әскери бөлімнің командирі (мекеме бастығы) айқындайды.

10 10. Дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардың басталуы мен аяқталуы туралы шешімді резервтегі әскери адамдар әскери қызмет өткеріп жүрген уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы қабылдайды.

Қолданыстағы