Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил общего водопользования в Алматинской области

Ереже · № 41-225 · қабылданған 24.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-215956/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил общего водопользования в Алматинской области Қолданыста Ереже ·№ 41-225 ·24.09.2025
24.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил общего водопользования в Алматинской области

Қолданыста Ереже ·№ 41-225 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил общего водопользования в Алматинской области
Атауы (қаз.)
Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
41-225
Қабылданған күні
24.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.11.2025
Көрсетілген редакция
24.09.2025 I215956_1.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25D041225M
ЭКБ идентификаторы
215956
Редакция идентификаторы
I215956_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:03

0 Алматы облысында ортақ су пайдалану

қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

4 Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №41-225

шешіміне қосымша
Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Алматы облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 171-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) айқындайды және жеке тұлғалардың Алматы облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2

2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

3 3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

4 4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі

5 5. Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын іске асыруы үшін:

1 1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2 2)ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және

спортқа арналған орындарды айқындайды;

3 3)әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық

шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес
жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

4 4)халықты ортақ су пайдаланудың белгіленген шектеулері мен тыйымдары

туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

6 6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

7 7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

8 8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

9 9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

10 10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

1 1)су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

2 2)су объектілерін ластау және кірлету;

3 3)шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

4 4)арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

5 5)арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

6 6)жанармай және майлау материалдарын сақтау;

7 7)көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

8 8)су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.

Қолданыстағы