Құжат мәтініне өту

Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах, расположенных на территории Жамбылской области

Қаулы · № 205 · қабылданған 30.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-216047/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах, расположенных на территории Жамбылской области Қолданыста Қаулы ·№ 205 ·30.09.2025
30.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах, расположенных на территории Жамбылской области

Қолданыста Қаулы ·№ 205 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах, расположенных на территории Жамбылской области
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысы аумағында орналасқан су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
205
Қабылданған күні
30.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
06.11.2025
Көрсетілген редакция
30.09.2025 216047_786368.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25G000205A
ЭКБ идентификаторы
216047
Редакция идентификаторы
216047_786368
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:54

0 Жамбыл облысы аумағында орналасқан су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жамбыл облысы аумағында орналасқан су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 168 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген);

2

2) «Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 168 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 139 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5212-08 болып тіркелген).

3 3. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Жобаны ұсынушы:

10 Жамбыл облысы аумағында орналасқан су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін арналған орындар

Жамбыл облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___» _________
№ _____ қаулысына қосымша
Жамбыл облысы аумағында орналасқан су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін арналған орындар

Су объектісінің атауы
Көпшілік демалатын орын
Орналасқан жері
1
Сеңгірбай су қоймасы
жағажай
Жамбыл ауданы,
Шайдана ауылы
2
Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы
жағажай
Жуалы ауданы,
Қызыл Арық ауылы
3
Қарабастау бұлағы
жағажай
Жуалы ауданы,
Қарабастау ауылы
4
Гавайи-Қордай жаппай демалыс орны
жағажай
Қордай ауданы,
Қордай ауылы
5
Алмаз су қоймасы
жағажай
Қордай ауданы,
Бетқайнар ауылы
6
Орталық саябақтағы көл
жағажай
Сарысу ауданы,
Жаңатас қаласы
7
Ақбұлақ жаппай демалыс орны
жағажай
Сарысу ауданы,
Жаңатас қаласы
8
Жартас су қоймасы
жағажай
Талас ауданы,
Қаратау қаласы
9
Пионер су қоймасы
жағажай
Талас ауданы,
Көктал ауылы
10
Тасөткел су қоймасы
жағажай
Шу ауданы,
Тасөткел ауылы
11
Шу өзені
жағажай
Шу ауданы, Белбасар ауылы, Ақ жайлау демалыс орнының маңы
12
Шу өзені
жағажай
Шу ауданы, Төле би ауылы, Меркі-Бұрылбайтал тас жолы 109 шақырым Шу өзені арқылы өтетін көпірдің жанында

Қолданыстағы