Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил согласования приобретения в собственность физическими и юридическими лицами акций, долей, паев в организациях, осуществляющих деятельность в области телекоммуникаций

Қаулы · № 1085 · қабылданған 21.10.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21619/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об утверждении Правил согласования приобретения в собственность физическими и юридическими лицами акций, долей, паев в организациях, осуществляющих деятельность в области телекоммуникаций Күшін жойған Қаулы ·№ 1085 ·21.10.2004
10.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил согласования приобретения в собственность физическими и юридическими лицами акций, долей, паев в организациях, осуществляющих деятельность в области телекоммуникаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 1085 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил согласования приобретения в собственность физическими и юридическими лицами акций, долей, паев в организациях, осуществляющих деятельность в области телекоммуникаций
Атауы (қаз.)
Жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды меншiкке сатып алуын келiсу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1085
Қабылданған күні
21.10.2004
Көрсетілген редакция
10.04.2024 21619_697263.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001085_
ЭКБ идентификаторы
21619
Редакция идентификаторы
21619_697263
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:36

0 Жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды меншiкке сатып алуын келiсу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды меншiкке сатып алуын келiсу ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

0 Жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды меншiкке сатып алуын келiсу ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 21 қазандағы
N 1085 қаулысымен
бекiтілген
Жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды меншiкке сатып алуын келiсу ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды меншiкке сатып алуын келiсу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 22-1-бабының негiзiнде және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.

2

2. Осы Ереженiң мақсаты жеке және заңды тұлғалардың телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары болып табылатын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алу туралы өтiнiштерiн ұсынуының және оларды уәкiлеттi органның қарауының бiрыңғай тәртiбiн айқындау болып табылады.

3 3. Ережеде пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:

1 1) байланыс жолдарының иесi - жер үстi кәбiлдiк, талшықты-оптикалық, радиорелелiк немесе шетел мемлекеттерiнiң байланыс желiлерiмен тоғысатын өзге де тiркелген магистральдық байланыс жолдарын иеленетiн заңды тұлға;

2

2) тұлғалар тобы - телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары болып табылатын ұйымдардың акцияларын, үлестерiн, пайларын меншiкке алу құқығын келiсiмнiң негiзiнде бiрлесiп иеленетiн не сатып алатын заңды, заңды және жеке немесе жеке тұлғалардың жиынтығы;

3 3) мүдделi тұлға - телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары болып табылатын ұйымдардың он пайыздан астам акцияларын, үлестерiн, пайларын меншiкке сатып алуға немесе басқаша жолмен алуға ниет еткен жеке және заңды тұлға;

4 4) ұлттық қауiпсiздiк органдары - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және оның ведомстволары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленетiн өзге де органдар;

5

5) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутациялық станцияларды иеленетiн және (немесе) пайдаланатын және трафик транзитi және басқа байланыс операторларына желiлiк ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметiн көрсететiн тiркелген байланыс операторы;

6

6) уәкiлеттi орган - телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары болып табылатын ұйымдардағы акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алу туралы мүдделi адамдардың өтiнiштерiн қарауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттік орган;

7

7) өтiнiш - телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары болып табылатын ұйымдардың акцияларын, үлестерiн, пайларын меншiкке сатып алу немесе өзге де жолмен алу жөнiнде мәмiле жасасуды келiсу мақсатында уәкілеттi органға жiберiлетiн жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшi.

4

4. Осы Ереженiң әрекетi Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ жеке дара немесе адамдар тобының құрамында бiрлесе отырып, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының 10 пайыздан астам дауыс беру акцияларын, үлестерiн, пайларын меншiкке сатып алу немесе өзге де жолмен алу бойынша мәмiленi жүзеге асыруға ниет бiлдiретiн шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдiк заңды тұлғаларға қолданылады.
Осы Ереженiң әрекетi мүдделi адамдардың қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетпейтiн, бiрақ байланыс жолдарының иесi болып табылатын субъектiнiң акцияларын, үлестерiн, пайларын сатып алуы жағдайларында да қолданылады.

5 5. Ереже:

мүдделi адамдардың дауыс бермейтiн акцияларды, сондай-ақ қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы органдарында дауыс беру құқығын бермейтiн өзге де бағалы қағаздарды сатып алуы;
егер бұл мәмiлелер мүдделi адамға осындай операторды басқаруға құқық бермейтiн жағдайда, мүдделi адамдардың қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының мүлкiмен өзге де мәмiлелер жасасу;
мүдделi адамның Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес немесе сот шешiмiнiң негізiнде акцияларға, үлестерге, пайларға құқықтарын сатып алу жағдайларында қолданылмайды.

2 2. Акцияларды, үлестердi және пайларды сатып алуды келiсу үшiн негiздемелер

6 6. Мүдделi тұлғалар жасаған акциялардың, үлестердiң, пайлардың меншiк құқығына өтуiмен байланысты мәмiлелер қалааралық және халықаралық байланыс операторларының акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алуын келiсу үшiн негiздемелер болып табылады.

7 7. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының акцияларын, үлестерiн, пайларын сатып алу жөнiндегi мәмiлелердi келiсу үшiн мүдделi тұлға уәкілеттi органға осы Ережеге қосымшада белгіленген нысан бойынша өтiнiш жiбередi.

8 8. Өтiнiштi мүдделi тұлға уәкiлеттi орган шешiм қабылдау үшiн қажетті құжаттардың куәландырылған көшiрмелерiмен қоса уәкiлеттi органға жiбередi.

Уәкiлеттi орган өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының немесе байланыс жолы иесiнiң акцияларын, үлестерiн, пайларын сатып алу жөнiндегi мәмiлемен келiсетiнi немесе келiспейтiнi туралы шешiм қабылдауға құқылы.

9 9. Осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген мәмiлелердi келiсу олардың жасалу сәтiне дейiн жүргiзiлуi тиiс.

10 10. Мүдделi тұлғалардың уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жасаған мәмiлелерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп танылады.

3 3. Акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алу жөнiндегi мәмілелердi келiсу туралы өтiнiштердi ұсыну және қарау тәртiбi мен мерзiмдерi

11 11. Мүдделi тұлғалар ұсынған өтiнiштердi уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап 30 күн мерзiмде қарауы тиiс. Уәкiлеттi органның осы Ережеге сәйкес өтiнiштi қарау үшiн қажеттi құжаттардың толық пакетiн алған күнi құжаттар келiп түскен күн болып саналады.

Уәкiлеттi органға өтiнiшпен бiрге ұсынылатын құжаттар (ақпарат) толық және дұрыс болуы тиiс.

12 12. Өтiнiшке мiндетті түрде мыналар қоса берiледi:

егер акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алуды адамдар тобы жүзеге асыратын болса, мүдделi тұлғаның немесе адамдар тобының құрылтайшы құжаттарының куәландырылған (заңдастырылған) көшiрмелерi;
акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алуды жүзеге асыратын мүдделi тұлғаның үлестес адамдары туралы мәлiметтер. Егер сатып алуды адамдар тобы жүзеге асыратын жағдайда, үлестес адамдар туралы мәлiметтер әрбiр субъект үшiн жеке ұсынылуы тиiс;
өтiнiштi ұсыну сәтiнде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының, байланыс операторларының, сондай-ақ байланыс жолдары иелерiнiң жарғылық капиталындағы (мүлкiндегi) мүдделi тұлғаға тиесiлi акциялар, үлестер, пайлар туралы мәлiметтер;
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының немесе байланыс жолдары иелерiнiң жарғылық капиталындағы (мүлкiндегі) сатылып алынатын акциялардың, үлестердiң, пайлардың саны (мөлшерi) және құны туралы ақпарат;
шарттың жобасы немесе олардың негiзiнде акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алу бойынша мәмiлелер жасалатын өзге де құжаттар;
Уәкiлеттi органға ұсынылатын барлық ақпарат мүдделi тұлға басшысының қолымен куәландырылуы тиiс.

13 13. Мүдделi тұлға өтiнiштi ұсыну кезінде осы Ереженiң 12-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәлiметтерге қоса, оның пiкiрi бойынша уәкiлетті орган шешiм қабылдау үшiн маңызды болуы мүмкiн кез-келген ақпаратты уәкiлеттi органға ұсынуға құқылы.

14 14. Уәкiлеттi органға ұсынылған құжаттар мен мәлiметтерде мүдделi тұлғаның коммерциялық , қызметтiк және заңнамамен қорғалатын өзге де құпияларының болуы уәкiлеттi органға оларды беруден бас тартуға негіз бола алмайды.

Мүдделі тұлға өтiнiштi және оған қоса берiлетiн құжаттарды ұсыну кезінде осындай мәлiметтердiң тізбесін айқындайтын мүдделi адамның iшкi актiсiнiң көшірмесін қоса бере отырып, коммерциялық , қызметтiк және заңнамамен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәлiметтердiң толық тiзбесiн көрсетуге мiндеттi.

15 15. Уәкiлеттi орган өтiнiш түскеннен бастап 5 күннің iшiнде, оның көшiрмесiн, сондай-ақ оған қоса берiлген барлық құжаттардың көшiрмелерiн ұлттық қауiпсiздiк органдарына бередi.

16 16. Ұлттық қауiпсiздiк органдары уәкiлеттi органнан құжаттарды алған күннен бастап 10 күннiң iшiнде болжалды мәмiле туралы қорытынды шығаруға және оны уәкiлеттi органға жiберуге құқылы.

Акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алуға келiсу туралы түпкiлiктi шешiмдi, ұлттық қауiпсiздiк органдарына қабылдаған шешiм туралы мiндетті түрде хабарлай отырып, уәкiлеттi орган қабылдайды.

4 4. Уәкілеттi органның шешімдер қабылдау тәртiбі

17 17. Акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алу жөнiндегi мәмілені келiсу туралы шешiмдi осы Ереженің 11-тармағында белгіленген мерзімде уәкiлеттi орган қабылдайды.

18 18. Уәкiлеттi органның шешімі дәлелдi болуы және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерi мен қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының даму қажеттiлiгiн объективтi түрде ескеруi тиiс.

19 19. Уәкiлеттi орган, егер:

мүдделі тұлға барлық қажеттi құжаттар мен ақпараттарды ұсынбаған;
ұсынылған құжаттар мен ақпараттар толық емес не дұрыс болмаған;
мәмiленi жасау нәтижесiнде мүдделi тұлғаның (адамдар тобының) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын басқаруда Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қауiп тудыратын басым қатысуы туындаған;
акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алу нәтижесiнде мүдделі тұлғаның (адамдар тобының) меншiгiндегі олардың жиынтық мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген рұқсат етілетін мөлшерден асып кеткен жағдайларда қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының акцияларын, үлестерiн, пайларын сатып алу келiсiмiнен бас тартуға құқылы.

20 20. Мүдделi тұлға уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы ол шығарылғаннан кейiн 10 күннен кешiктірiлмейтiн мерзiмде жазбаша хабардар етiледi.

21 21. Өтiнiштi келiсуден бас тарту туралы уәкiлетті органның шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдалуы мүмкiн.

5 5. Қорытынды ережелер

22 22. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары мен қызметкерлерi өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруы нәтижесiнде белгiлi болған мүдделi тұлғалардың коммерциялық , қызметтік және заңнамамен қорғалатын өзге де құпиясының сақталуы үшін жауаптылықта болады.

23 23. Уәкiлеттi орган мен ұлттық қауiпсiздiк органдарының осы Ережеде көзделген мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау тәртiбi заңнамамен айқындалады.

1 ___________________________ сатып алуды (мәмiленiң мәнi) келiсу туралы өтiнiш

Жеке және заңды тұлғалардың
телекоммуникациялар саласындағы
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардағы акцияларды, үлестердi,
пайларды меншiкке сатып алуын
келiсу ережесiне қосымша
___________________________ сатып алуды (мәмiленiң мәнi) келiсу туралы өтiнiш
1. Акцияларды, үлестердi, пайларды сатып алу жөнiнде
жасалатын мәмiленiң негіздемесi __________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Мүдделi тұлғаның үлестес адамдары туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс
операторларының, байланыс операторларының, сондай-ақ байланыс
жолдары иелерiнiң жарғылық капиталындағы (мүлкiндегі) мүдделi
тұлғаға тиесілі акциялар, үлестер, пайлар туралы мәлiметтер
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Сатып алынатын акциялардың, үлестердiң, пайлардың саны
(мөлшерi) және бағасы туралы ақпарат
__________________________________________________________________
5. Қосымша (өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттар, шарт жобасы
және өзге де ақпараттар)

Қолданыстағы