Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и формы представления участником Международного финансового центра «Астана», имеющим лицензию на осуществление деятельности по управлению заемной краудфандинговой платформой, в орган государственных доходов сведений о заключенных договорах на краудфандинговых платформах, а также выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам

Бұйрық · № 652 · қабылданған 31.10.2025
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-216337/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил и формы представления участником Международного финансового центра «Астана», имеющим лицензию на осуществление деятельности по управлению заемной краудфандинговой платформой, в орган государственных доходов сведений о заключенных договорах на краудфандинговых платформах, а также выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам Мәртебесі расталмаған 01.01.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил и формы представления участником Международного финансового центра «Астана», имеющим лицензию на осуществление деятельности по управлению заемной краудфандинговой платформой, в орган государственных доходов сведений о заключенных договорах на краудфандинговых платформах, а также выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам

Мәртебесі расталмаған Бұйрық № 652 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и формы представления участником Международного финансового центра «Астана», имеющим лицензию на осуществление деятельности по управлению заемной краудфандинговой платформой, в орган государственных доходов сведений о заключенных договорах на краудфандинговых платформах, а также выплаченных вознаграждениях резидентам и нерезидентам
Атауы (қаз.)
Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
652
Қабылданған күні
31.10.2025
Қолданысқа енгізілген күні
17.11.2025
Көрсетілген редакция
01.01.2026 216337_797345.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037304
ЭКБ идентификаторы
216337
Редакция идентификаторы
216337_797345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 01:15
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары мен нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 29-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

1 Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 652 Бұйрыққа
1-қосымша
Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 29 тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді (бұдан әрі - мәлімет) мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібін айқындайды.

2 тарау. Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібі

2. Мәліметтерді осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарына қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ұсынады.
Егер қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысының лицензиясы жойылған жағдайда қатысушы 10 күнтізбелік күн ішінде толық емес есепті кезең үшін қорытынды мәліметтерді ұсынуға міндетті. Қатысушы таратылған немесе қарыздар портфелі басқа операторға берілген жағдайдай мәліметтерді құқық мирасқоры осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ұсынады.

3. Мәліметтерді мемлекеттік кіріс органына «Астана» халықаралық қаржы орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Smart Data Finance» ақпараттық жүйесіне қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ұсынады.

4. Мәліметтерді ұсыну мерзімдері бұзылған жағдайда немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған кезде Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінде (Салық кодексі), сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жауапкершілік шаралары қолданылады.

5. Дербес деректерді өңдеу «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2 Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 652 Бұйрыққа
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ
резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin.
Әкімшілік нысанның атауы: Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтері
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1 – СЗДКП.
Кезеңділік: жыл сайын.
Есепті кезең: 20___ жыл.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың екінші айының 25-күнінен кешіктірмей.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.
Жинау әдісі: электронды түрде.
Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер

р/с
Же­ке тұл­ға­ның мә­лі­ме­ті (ре­зи­дент/бей­ре­зи­дент)
Кра­уд­фандинг­тік плат­фор­ма­лар­дың ақ­па­ра­ты
Несие бе­рі­л­ген күн
ЖСН
ТАӘ (егер ол же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се)
БСН
БСК
Ата­уы
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
несие бе­ру ту­ра­лы шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні
ва­лю­та ко­ды
Бе­рі­л­ген неси­е­нің со­ма­сы
тө­лен­ген негіз­гі бо­ры­штың со­ма­сы
Сый­а­қы бой­ын­ша тө­лен­ген со­ма­сы
8
9
10
11
12
кестенің жалғасы
неси­е­нің қал­ған со­ма­сы
Несие тү­рі
негіз­гі қарыз
сый­а­қы
Өсім­пұл
13
14
15
16
«Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер» деген нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшаға сәйкес келтірілген.
Атауы _________________________________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________________
Телефоны _____________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы________________________________________________
Орындаушы ___________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда).

2.1 «Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер» Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (1 – СЗДКП, жыл сайын)

«Краудфандингтік платформаларда
жасалған шарттар, сондай-ақ
резиденттер мен бейрезиденттерге
төленген сыйақылар туралы
мәліметтер» Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанына
қосымша
«Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ
резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы
мәліметтер» Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
(1 – СЗДКП, жыл сайын)

1. Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 29 тармағына сәйкес әзірленген.

2. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

3. Нысанның 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі.

4. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.

5. Нысанның 4-бағанында краудфандинг платформасының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

6. Нысанның 5-бағанында краудфандинг платформасының банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

7. Нысанның 6-бағанында краудфандингтік платформаның атауы көрсетіледі.

8. Нысанның 7-бағанында несие берілген күн көрсетіледі.

9. Нысанның 8-бағанында несие беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

10. Нысанның 9-бағанында ұсынылған несиенің Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуші «валюталар мен қорларды ұсыну коды» ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 cәйкес валюта коды көрсетіледі;

11. Нысанның 10-бағанында берілген несие сомасы көрсетіледі.

12. Нысанның 11-бағанында төленген негізгі борыштың сомасы көрсетіледі.

13. Нысанның 12-бағанында төленген сыйақы сомасы көрсетіледі.

14. Нысанның 13-бағанында негізгі борыш сомасының қалдығы көрсетіледі.

15. Нысанның 14-бағанында сыйақы бойынша соманың қалдығы көрсетіледі.

16. Нысанның 15-бағанында өсімпұл сомасы көрсетіледі.

17. Нысанның 16-бағанында несие түрі көрсетіледі.