Об утверждении Правил предоставления отдельных видов социальных льгот участникам и инвалидам Великой Отечественной войны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления отдельных видов социальных льгот участникам и инвалидам Великой Отечественной войны
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін беру Ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 549
- Қабылданған күні
- 09.09.2004
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2010 21666_216402.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04SA001361
- ЭКБ идентификаторы
- 21666
- Редакция идентификаторы
- 21666_216402
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:42
0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін беру Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабы 14-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" N 2247 заң күші бар Жарлығының
20-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедек-теріне әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін беру Ережесі бекітілсін.
2 2. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі алушылардың жеке шоттарына қаражат аударумен әлеуметтік көмек тағайындалуын қамтамасыз етсін.
3 3. Петропавл қаласының қаржы бөлімі қала бюджетінде бекітіліп бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
5 Қала әкімдігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне әлеуметтік жеңілдіктердің
жекелеген түрлерін беру Ережелерін
бекіту туралы" N 549 қаулысымен
бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін беру
Ережелері
1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері әлеуметтік жеңілдіктердің жекелеген түрлерін алуға құқылы.
2 2. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.
3
3 3. Монша мен шаштаразға баруға арналған әлеуметтік көмектің мөлшері Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде ай сайын 230 теңге сомада белгіленсін.
4 Әлеуметтік көмекті тағайындау барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
4
4. Әлеуметтік көмек алу үшін Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді мынадай құжаттар әкеліп тапсыру қажетті: белгіленген үлгідегі өтініш, Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі туралы куәлігінің көшірмесі, жеке шотына зейнетақысы аударылатын жинақ кітапшасы, зейнеткерлік кітапшасы, жеке басының куәлігі.
5
5
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті төлеу, заңнамамен белгiленген тәртiппен, ақылы қызмет көрсетуге келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жасаған, алушылардың тізіміне сәйкес жеке шоттарына қаражаттар аударылып жүргізіледі.<*>