Құжат мәтініне өту

Об образовании консультативно-совещательного органа «Районного Комитета по работе с молодежью»

Қаулы · № 173 · қабылданған 20.09.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21667/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
Об образовании консультативно-совещательного органа «Районного Комитета по работе с молодежью» Күшін жойған Қаулы ·№ 173 ·20.09.2004
04.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании консультативно-совещательного органа «Районного Комитета по работе с молодежью»

Күшін жойған Қаулы ·№ 173 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании консультативно-совещательного органа «Районного Комитета по работе с молодежью»
Атауы (қаз.)
«Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» консультативтік-кеңесші органын кұру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
173
Қабылданған күні
20.09.2004
Көрсетілген редакция
04.04.2024 21667_704692.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04SJ001362
ЭКБ идентификаторы
21667
Редакция идентификаторы
21667_704692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:40

0 «Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» консультативтік-кеңесші органын кұру туралы

«Қазакстан Республикасында мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 - 11 Қазакстан Республикасы Заңының 4 бабы 5 тармағы 3 тармақшасы, Қазакстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 өкімі, «Аудандар әкімдері жанында жастармен жұмыс жөніндегі Комитеттерді кұру туралы» Солтұстік Қазакстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 24 қарашадағы №209 каулысы негізінде, ауданда мемлекеттік жастар саясатын жұзеге асыру максатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жастармен жұмыс жөніндегі аудандык Комитет» консультативтік-кеңесші органы құрылсын.

2 2. «Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» туралы ереже бекітілсін (косымша).

3 3. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М.Тоқтаболатовқа жүктелсін.

4 «Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
«Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет»
консультативтік-кеңесші органын құру туралы»
2004 жылғы «20» қыркүйектегі № 173 қаулысымен бекітілді
«Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық Комитет» туралы ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Жастармен жұмыс жөніндегі аудандық комитет (ілгеріде Комитет) мемлекеттік жастар саясатын орындауды қамтамасыз ету, өмірдің әр түрлі салаларында жастардың белсенділігін іске асыру, әлеуметтік қорғауға, кәсіпкерлікке, жұмысқа орналастыруда көмек көрсету, жастардың қоғамдық және өндірістік белсенділігін дамыту мақсатында құрылады.

2 2. Комитет консультативтік-кеңесші орган болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2 2. Жастармен жұмыс жөніндегі комитеттің функциялары

3 3. Комитет төмендегі функцияларды жүзеге асырады:

отырыстарды мемлекеттік жастар саясатын орындау мәселелерін қарастырады;
есептерді тыңдайды және жоғарыда аталған жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
өмірдің әр түрлі салаларында жастар белсенділігін іске асыру бағдарламасын әзірлеуге қатысады;
қабылданған бағдарламалардың тиісті және өз уақытында орындалуын, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламамен қарастырылған бағдарламаларды аудан аумағында жүзеге асыруды қамтамасыз етеді

3 3. Комитеттің негізгі міндеттері мен құқықтары

4 4. Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін комитет:

өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық балалар және жастар ұйымдарымен қарым-қатынас жасайды және балалар мен жастарға қатысты проблемаларды шешуге катысады;
жастарды жұмыспен қамтуға, жас адамдармен мамандық алуға көмектеседі;
өздігінен және мәдениет, білім, органдарымен бірге жастар, мәдени, өндірістік, жалпы білімдік шығармашылық орталықтары мен шеберханаларын ұйымдастырады;
ауданның жастары үшін фестивальдерді, конкурстарды, байқауларды, көрмелерді және басқа көпшілік іс-шараларды ұйымдастырады;
жастарға қатысты ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының тарауларын әзірлеуге қатысады;

5 5. Жоғарыда аталған міндетерді жүзеге асыру үшін комитет:

жастардың бос уақыты мен мәдени қызметі мәселелерімен айналысады;
аудандық Көңілділер Тапқырлар Клубы конкурстарын өткізуге көмек көрсетуді жүзеге асырады;
бос уақытты ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізеді;
ауданның жетекші кәсіптік ұжымдарына қолдау көрсетеді, халықтық салт, дәстүрлерді зерделейді және насихаттайды;
жастардың ұлттық көркемөнерпаздар ұжымдарын құруға жағдай жасайды;
концерт кызметін ұйымдастыруға, жастар санынан театрлардың, көркемөнерпаздардың гастрольдерін өткізуге көмектеседі;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттайды;
аудан тұрғындарының патриоттық тәрбие жүйесін дамытуға көмектеседі;
әр түрлі ұлт халықтарының достастығы мен бірлігін және дінге сенушілігін қолдайды және нығайтады;
Солтүстік Қазақстан облысының тарихи құндылыктары негізінде аудан азаматтарының патриоттык сезімдері мен санасын қалыптастырады, өз ауданы, облыс және тұтасымен ел үшін мақтаныш сезімін дамытады және сақтайды;
салауатты өмір салтында аудан тұрғындарында қажеттікті калыптастырады;
патриоттық тәрбиенің аймақтық бағдарламасын жұзеге асырады;
ауданның оқу орындарында жастар мектеп ұйымдарының жұмысын ұйлестіреді;
ауданның жастар ұйымдары мен қозғалыстарының тіркелімін жүргізеді;
жастардың еңбек отрядтарын ұйымдастырады;
ауданда жастарды жұмысқа орналастыру істерінің жағдайын талдайды және осы мәселе жөнінде мемлекеттік шаралар мен шешімдердің тиімділігіне мониторинг жүргізеді.

3 3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

6 6. Комитеттің құрамына Комитеттің төрағасы мен алты мүше кіреді.

7 7. Комитет өз құрамында шағын комитеттер, кеңестер құра алады.

8 8. Комитеттің жұмысы алқалық және дауыс беру негізде құрылады.

9 9. Комитет құрамы аудан әкімінің ұсынуы бойынша аудандық мәслихатпен бекітіледі.

10 10. Комитет төрағасы болып лауазымы бойынша аудан әкімінің орынбасары табылады.

11 11. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын 20-дан жас емес тұлғалар комитет мүшесі бола алады.

12 12. Комитет жұмысы отырыс түрінде өткізіледі. Отырыстар қажеттігінше өткізіледі, егер комитет мүшелері жартысынан артығы қатысса заңды деп есепетеледі. Кезектен тыс отырыстар Комитеттің төрағасы бастамасымен және мүшелердің жалпы санының жартысынан артығының бастамасымен шақырылады.

13 13. Комитет шешімдері комитет мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады, комитет мүшелерінің дауыстары мең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

14 14. Комитетті ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді аудан әкімі аппараты іске асырады.

15 15. Комитет төрағасы

комитет отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және комитет қызметінің қорытындыларына жауап тартады, комитетті жалпы басқарады;
комитеттің жұмыс жоспарына қол қояды және оның орындалуына бақылау жүргізеді;
мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде семинарлар, кеңестер, форумдар өткізуді ұйымдастырады;
аудан әкімін жастар саясаты мәселелері жөнінде хабарландырады.

16 16. Комитет төрағасы орынбасарының міндеті: комитеттің жұмыс жоспарын әзірлейді;

жастар ортасындағы істердің жағдайын талдайды, жастардың әр түрлі санаттары жұмыс, олардың бос уакытын ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру, жастардың басқа проблемаларын шешу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
«ҚР мемлекеттік жастар саясаты» заңын орындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
барлық жастар бірлестіктерімен, қозғалыстарымен, аудан ұйымдарымен, олардың көшбасшыларымен және активімен байланыс орнатады;
комитеттің стилі мен әдістерін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
ауданның жастарына заңды көмек көрсетеді;
экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өмірдегі жастардың нақты жағдайы мәселелері жөнінде ақпараттық базаны қалыптастыруға көмектеседі.

17 17. Комитет хатшысы:

комитеттің іс жүргізуін мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады;
бұқаралық ақпарат құралдарын комитеттің жұмысы туралы хабарландырады.

18 18. Комиссия мүшелері:

осы алқалық органның құзырына жататын мәселелерді комитетте карастыруда кеңестік дауысқа құқықты;
комитетпен қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда ерекше пікірін аудан әкіміне жазбаша түрде жеткізуге құқықты;
комитет төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті.

4 4. Комитет жұмысы қызметін тоқтату

19 19. Комитеттің қызметін тоқтатуға мыналар негіз болып табылады:

комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
бұрын комитетке жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге консультативтік-кеңесші органның құрылуы;
комитет міндетінің орындалуы мүмкін болмайтын не оның орындалуы орынсыз болатын өзге де жағдайлар.

Қолданыстағы