Құжат мәтініне өту

Об образовании областного Координационного Совета по вопросам образования и подготовки профессиональных кадров

Қаулы · № 590 · қабылданған 17.10.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21678/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об образовании областного Координационного Совета по вопросам образования и подготовки профессиональных кадров Күшін жойған Қаулы ·№ 590 ·17.10.2004
08.06.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании областного Координационного Совета по вопросам образования и подготовки профессиональных кадров

Күшін жойған Қаулы ·№ 590 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании областного Координационного Совета по вопросам образования и подготовки профессиональных кадров
Атауы (қаз.)
Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
590
Қабылданған күні
17.10.2004
Көрсетілген редакция
08.06.2009 21678_194297.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04V0002002
ЭКБ идентификаторы
21678
Редакция идентификаторы
21678_194297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:37

0 Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесін құру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 

27-бабы

 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесі құрылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру Кеңес туралы ереже бекітілсін.

3 3. Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге енгізілсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.

5 Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесі туралы

Әкімдіктің 2004 жылғы 18 қазандағы
N 590 қаулысына қосымша
Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Білім және кәсіби кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі облыстық Үйлестіру Кеңесі (одан ары Кеңес) кәсіби кадрларды дайындау және білім жөніндегі мәселелерді іске асырудағы келісілген көзқарастарды, шешімдерді және ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылған.

2 2. Кеңес кеңес беруші-кеңесуші орган болып табылады.

3 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының

Конституциясын

, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 

Заңын

, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 

Заңын

, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

2 2. Кеңестің міндеттері мен мақсаттары

4 4. Кеңестің негізгі міндеттері мен мақсаттары:

1 1) кәсіби кадрларды дайындау және білім үрдісіне қатысатын мемлекеттік мекемелер мен органдардың келісілген қызметін іске асыру үшін ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу;

2 2) кәсіби кадрларды дайындау және білім мәселесінде қоғамдық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен байланысу.

3 3. Кеңестің құзыреті

5 5. Кеңестің құзыретіне:

1 1) білім саласындағы тиісті бағдарламаларды жүзеге асырудағы келісілген шараларды әзірлеу;

2 2) кәсіби кадрларды дайындау және білім үрдісін жақсартуға арналған ұсынымдарды әзірлеу;

3 3) облыс экономикасының әр түрлі салаларына кәсіби кадрларды дайындауға ұсынымдар енгізу үшін білім саласында әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру;

4 4) кәсіби кадрларды дайындау және білім үрдісіне қатысатын қоғамдық ұйымдармен, заңды және жеке тұлғаларымен ақпаратты тиімді алмасуды және білім саласындағы ұстамдық мәселелер бойынша қызметін келістіру енеді.

4 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

6 6. Кеңеске басшылықты облыс әкімінің орынбасары - Кеңестің төрағасы жүргізеді. Кеңестің төрағасы болмаған кезде отырыстар Кеңес төрағасы орынбасарларының бірінің басшылығымен өткізіледі.

7

7. Кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін Кеңес мүшелерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескеріп төраға қалыптастырады. Кеңестің жұмыстарына кәсіби кадрларды дайындау және білім үрдісіне қатысатын мекемелердің, ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатыса алады. Кеңестің отырысы тоқсанына бір реттен жиі емес өткізіледі. Кеңестің отырысы қажет болған жағдайда кезектен тыс Кеңес төрағасының немесе оның елу пайыз мүшелерінің бастамасымен өткізіле алады. Отырыс Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екінші бөлігі қатысқанда құқылы деп есептеледі.

8 8. Кеңес өз жұмысына мемлекеттік органдардың басшыларын, ғалымдарды және мамандарды тарта алады (келісім бойынша).

9 9. Кеңестің жұмыс органы облыстық білім департаменті болып табылады.

10 10. Кеңес, төраға немесе отырыста басшылық жасаған оның орынбасарлары қол қойған хаттамамен ресімделген шешімдер қабылдайды.

Қолданыстағы