Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг
- Атауы (қаз.)
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 12.11.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2026 217063_811987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25LD00201A
- ЭКБ идентификаторы
- 217063
- Редакция идентификаторы
- 217063_811987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:02
0 Арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге арналған тарифтерді
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 тіркелген) сәйкес, Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
3. Қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қазалы ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «12» қарашадағы
№ 201 қаулысына
қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға
көрсетуге арналған тарифтер
№
Мекемелердің түрлері
Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге
1.
Жартылай стационар жағдайда (18 жасқа толмаған тұлғаларға арналған)
10587 теңге (8 сағат)
2.
Үйден қызметтер көрсету жағдайында
3646,07 тенге (бір қызмет алушыға)