О компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О компенсации повышения тарифов абонентской платы за телефон
- Атауы (қаз.)
- Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 14.10.2004
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2011 AI21720_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04T0002189
- ЭКБ идентификаторы
- 21720
- Редакция идентификаторы
- AI21720_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:37
0 Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы"қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1
1. Атырау қаласы мен аудан әкімдері Атырау қаласындағы және облыс аудандарындағы қолданыстағы қалалық телекоммуникациялар желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және Атырау қаласы мен аудан мәслихаттарымен 2004 жылдың 1 қарашасына дейін бекітсін.
2 2. Атырау қаласы мен аудан әкімдері, Атырау облыстық қаржы басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үй көмегінің уақтылы төленуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Байғожинге жүктелсін.
Облыс әкімі