Об утверждении Инструкции использования технических средств при осуществлении государственного контроля и надзора в области гражданской обороны для фиксации фактов совершения нарушений и действий сотрудников органов гражданской защиты Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 192-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы «_____» _________ № _____ бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің іc-әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысының 16-тармағының 192-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың (бұдан әрі – мемлекеттік инспектор) бұзушылықтар мен іс-әрекеттер жасау фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды (бұдан әрі- бейнетіркегіш) пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Бейнетіркегішті қолданудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-1-бабының және азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
Тармақ 3
3. Бұл нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) бейнетіркегіштің жад картасы (бұдан әрі – жад картасы) – ақпаратты сақтау үшін пайдаланылатын алынбалы ықшам электрондық сақтау құрылғысы;
Тармақша 2
2) деректерді сақтау сервері аудио-, фото- және бейнежазбаларды (бұдан әрі - жазба) түсіруге және сақтауға арналған серверлік құрылғы;
Тармақша 3
3) портативті тасымалданатын бейнетіркегіш – бұл мемлекеттік инспекторлар жүзеге асыру кезеңінде болып жатқан жағдайды тіркеуге арналған жазба функциясы бар техникалық құрылғы.
Тармақ 4
4. Бейнетіркегіш азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспекторлардың бұзушылықтар жасау фактілерін және іс-әрекеттерін тіркеуге арналған.
Тарау 2. 2-тарау. Бейнетіркегіштерді пайдалану және жазбаларды сақтау
2-тарау. Бейнетіркегіштерді пайдалану және жазбаларды сақтау
Тармақ 5
5. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органының (бұдан әрі – уәкілетті орган) ведомствосының немесе аумақтық бөлімшесінің басшысы бейнетіркегішті (жад картасын) беруге және қабылдауға, жазбаларды түсіруге және сақтауға, бейнетіркегішті мемлекеттік инспекторға берген кезде бейнетіркегіште күні мен уақытын белгілеуге, оларды түсіргеннен кейін жад карталарынан жазбаларды жоюға, бейнетіркегіш жұмыс істемей тұрған кезде оны ауыстыруға, сондай-ақ жүргізілген жазбаларды қарау мен талдауға жауапты қызметкерді (бұдан әрі - жауапты тұлға) айқындайды. Бұл ретте деректерді сақтау серверіне азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық бөлімшесінің басшысы мен жауапты тұлғасы ғана білетін арнайы пароль орнатылады.
Тармақ 6
6. Әрбір бейнетіркегішке және жад картасына құрылғыны беру, қабылдау және ақпараттық деректерді түсіру кезінде жұмыста есепке алу үшін түгендеу нөмірі беріледі.
Тармақ 7
7. Бейнетіркегіштер уәкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының жауапты тұлғасында сақталады және осы нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бейнетіркегіш пен жад карталарын беруді, тапсыруды және жазбаларды түсіруді есепке алу журналына (бұдан әрі – журнал) қол қойғыза отырып, азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру алдында мемлекеттік инспекторға беріледі.
Тармақ 8
8. Жауапты тұлға жад карталарын бейнетіркегішке орнатқаннан кейін көрсетілген ағытпаны мөрмен бекітеді.
Тармақ 9
9. Журнал уәкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының кеңсесінде тіркеледі, парақтар нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі. Журналдың соңғы бетінде жауапты тұлға: «Осы журналда ___ парақ нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген» деген жазба жасайды. Журналға жазба қаламсаппен жазылады. Жіберілген қателер қате жазбаны сызып тастау және жаңа жазбаны енгізу жолымен түзетіледі, бұл туралы ескертпелер бағанында жауапты тұлғаның қолы қойылған ескерту жасалады.
Тармақ 10
10. Азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылау жүргізу барысында мемлекеттік инспекторлар бейнетіркегіштің сақталуын қамтамасыз етеді және аяқталғаннан кейін жауапты тұлғаға тапсырады. Жазбаны түсіру кезінде тек жад картасы алынады немесе жазба міндетті резервті көшірмемен автоматты режимде жүктеледі.
Тармақ 11
11. Деректерді сақтау серверіне түсіру аккумуляторды бейнетіркегішті зарядтау кезінде автоматты режимде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылау және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жазбаларды сақтау мерзімі – 3 жыл. Жыл қорытындысы бойынша жазбаларды жою жөнінде комиссия құрылады (бұдан әрі - Комиссия), оның құрамына жауапты тұлға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға жауапты қызметкер және осы бағытты бақылайтын ведомство басшысы немесе аумақтық органның орынбасары, сондай-ақ Комиссия төрағасының шешімімен басқа да тұлғалар кіреді. Комиссия жазбаларды тексеріп, мерзімі өткен жазбаларды жою актісін еркін формада жасау арқылы жояды.
Тармақ 13
13. Деректерді сақтау серверіне қол жеткізу, ол серверлік бөлмеде немесе кезекші бөлімде орнатылған, тек қана деректерді сақтау серверіндегі деректерге өзгерістер енгізу құқығынсыз жауапты тұлғаға және уәкілетті органның ведомствосы немесе аумақтық органының басшысына беріледі. Ақпаратқа қол жеткізуді есепке алу және бақылау үшін осы нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес бейнематериалдар бойынша іс-әрекеттерді тіркеу журналы жүргізіледі. Жыл қорытындысы бойынша комиссия қол жеткізу мен архивтің тұтастығына тексеру жүргізеді.
Тармақ 14
14. Дәлелдемелік базасы бар жазбалар азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижелерінің материалдарымен бірге сұрау салу, ұйғарым немесе қаулы негізінде уәкілетті органға және/немесе сотқа жолданады.
Тармақ 15
15. Бейнетіркегіш азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспектордың іс-әрекеттеріне кедергі келтірмей, кеуде аймағында иық буынына жақын бекітіледі.
Тармақ 16
16. Бейнетіркегішті қолданар алдында мемлекеттік инспектор оның жұмысқа қабілеттілігін, бейнетіркегіштің аккумулятор зарядының деңгейін, күні мен уақытының дұрыс орнатылуын, бейнетіркегіште жазба сапасының оңтайлы параметрлерін, сондай-ақ оның түгендеу нөмірінің болуын тексереді.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік инспектордың кеудесіне жазба жүргізу туралы құлақтандыратын мынадай жазуы бар бейдж бекітіледі: «Назар аударыңыз! Жазба жүргізілуде.».
Тармақ 18
18. Бейнетіркегішті қосу мемлекеттік инспектордың қызметтік міндеттерін атқару басталған сәттен бастап жүргізіледі және олар аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі. Бұл ретте бейнетіркегішті қосу процесінде мемлекеттік инспектор құрылғының белгіленген уақытының дұрыстығына көз жеткізеді.
Тармақ 19
19. Бейнетіркегіш пен жад картасынан қолда бар жазбаны өз бетінше алып тастағаны, сондай-ақ оны өшіргені және жазбаны жүргізуге кедергі жасауға жол берілмейді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік инспектор тамақ ішуге, санитариялық торапқа баруға үзіліс жасаған жағдайда, жауапты адамға хабар бере отырып және кейіннен журналдың «Ескертпе» бағанына тиісті жазбаны енгізе отырып, мемлекеттік инспектордың бейнетіркегіште жазба жүргізуді тоқтата тұруға және қайта бастауға, жазба жүргізудің нақты уақытын айтуымен жазба жүргізуді тоқтата тұруға жол беріледі.
Тармақ 21
21. Азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезеңінде бейнетіркегіш (жад картасы) істен шыққан жағдайда, мемлекеттік инспектор бұл туралы уәкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының басшысына және жауапты тұлғаға дереу хабар береді. Жауапты тұлға ақаулықтардың себептерін жою мүмкін болмаған кезде бейнетіркегішті ауыстыруды жүзеге асырады. Бұл ретте жауапты тұлға журналдың «Ескертпе» бағанында бейнетіркегіштің істен шығу себептерін, хабарламаның күні мен уақытын және бейнетіркегішті ауыстыруды көрсете отырып, тиісті жазбалар жүргізеді.
Тармақ 22
22. Бейнетіркегішті пайдалануды мемлекеттік инспекторлар осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген қызметтік мақсаттарда ғана, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес және рұқсаттамалық режим мен объектішілік режимнің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде мемлекеттік инспекторлар бейнетіркегіш пен жад картасының сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыс күні аяқталғаннан кейін оларды жауапты тұлғаға тапсырады. Мемлекеттік инспектор бейнетіркегішке ұқыпты қарайды, оның жоғалуына, бүлінуіне жол бермейді, оны үшінші тұлғаларға бермейді.
Басқа 1. Бейнетіркегіш пен жад карталарын беруді, тапсыруды және жазбаларды түсіруді есепке алу журналы _________________________________________________________________ (уәкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының атауы)
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалы қ құралдарды пайдалану нұсқаулығына 1-қосымша (нысан) Бейнетіркегіш пен жад карталарын беруді, тапсыруды және жазбаларды түсіруді есепке алу журналы _________________________________________________________________ (уәкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының атауы) «___» _______ 20 __ жылы басталды «___» _______ 20 __ жылы аяқталды р/с № Бейнетіркегішті түгендеу нөмірі (бейнетіркегіштің жад карталары) Бейнетіркегіш пайдаланушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) Күні мен уақыты, алғаны туралы қолы Күні мен уақыты, тапсырғаны туралы қолы Ақпаратты түсіру күні мен уақыты Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7
Басқа 2. Бейнематериалдар бойынша іс-әрекеттерді тіркеу журналы _________________________________________________________________ (уәкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының атауы)
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығына 2-қосымша (нысан) Бейнематериалдар бойынша іс-әрекеттерді тіркеу журналы _________________________________________________________________ (уәкілетті органның ведомствосының немесе аумақтық органының атауы) «___» _______ 20 __ жылы басталды «___» _______ 20 __ жылы аяқталды р/с № Бейнетіркегішті түгендеу нөмірі (бейнетіркегіштің жад карталары) Бейнетіркегіш пайдаланушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) Кіргізу және қарау күні мен уақыты Тексерушінің Т.А.Ә. және лауазымы Тексеру күні мен уақыты, қолы Тексеру нәтижелері 1 2 3 4 5 6 7