Об утверждении Положения о районной комиссии по земельным отношениям района имени Габита Мусрепова
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о районной комиссии по земельным отношениям района имени Габита Мусрепова
- Атауы (қаз.)
- Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссияның Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 162
- Қабылданған күні
- 21.10.2004
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2024 21748_724855.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04SE001375
- ЭКБ идентификаторы
- 21748
- Редакция идентификаторы
- 21748_724855
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:36
0 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссияның Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 - II Жер Кодексінің 43 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының, 1 тармағының, 10 тармақшасына сәйкес және ауданда жер қатынастарын ретке келтіру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Қоса берілген Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық жер ресурстарын
басқару жөніндегі
комитеттің төрағасы
В. Калмыков
21 қазан 2004 жыл
2 Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2004 жылғы 21 қазандағы № 162
«Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның жер қатынастары
жөніндегі аудандық
комиссиясы туралы Ережені
бекіту туралы» қаулысымен
Бекітілді
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ереже
1 1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары жөніндегі аудандық комиссиясы (әрі қарай - Комиссия) ауданда жер мәселелерін реттеу мақсатында құрылған, тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.
2 2. Комиссия жергілікті атқарушы орган жанында - әкімдікте құрылады. Аудан әкімі комиссияның жеке құрамын мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынады.
3
3. Комиссия құрам төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссияның 5-10 мүшесі аудандық мәслихат депутатттары арасынан, жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық комитет пен аудандық ауыл шаруашылық басқармасы өкілдерінен, аудан сәулетшісінен және аудан әкімі аппаратында немесе аудандық ауыл шаруашылық басқармасында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады. Аудан әкімдігінің қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.
4 4. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Казақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін заңнамалық актілері және осы Ереже негізінде жүзеге асырады.
5 5. Комисия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган - әкімдік алдында жауапты.
6 6. Комиссия қызметі заңдылық және өз әрекеттері мен қабылданған шешімдері үшін жауапкершілігі принциптерінде негізделеді.
2 2. Комиссияның негізгі функциясы
7 7. Комиссияның негізгі функциясы өз қүзыреті шегінде жер учаскелерді жеке меншікке немесе пайдалануға беру мәселесі жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.
3 3. Комиссиямен материалдарды қарау тәртібі
8 8. Комиссия жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жер учаскелерін беру беру мәселесі жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Өтініште көрсетілуге тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның болжамды көлемі орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы). Пайдалы қазбалар өндірілетін жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі қоса тіркеледі.
Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезден бастап үш айға дейінгі мерзімде қаралады.
9 9. Комиссия отырыстарын дайындау:
Комиссия қарауына түскен материалдардың уақтылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын ала зерделейді.
Комиссияның қарауына түскен материалдарды алдын ала зерделеу процессінде:
1 1) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймаққа бөлуге сәйкес өтініште аталған нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі;
2 2) осы материалдарды қарау комиссия құзыретіне жататындығы;
3 3) Комисия отырысына шақырылған немесе шақыртып алуға жататын адамдар шеңбері анықталады.
Материалдарды алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша Комиссия:
1 1) материалдарды қарауға дайындау және өтініш берушіні немесе оның заңды өкілдерін және отырысқа қатысуы міндетті деп танылған басқа да тұлғаларды Комиссия отырысының күні мен орны туралы хабардар ете алады;
2 2) Комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердің мәні бойынша өтінішті қарау;
3 3) өтінішті қанғаттандырудан бас тарту.
Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы орган - әкімдіктің қаулысымен ресімделіп, өтініш берушіге қаулы қабылданғаннан кейін жеті күн мерзімінде көшірмесі тапсырылады.
10 10. Комиссия отырыстарын өткізу тәртібі.
Комиссия отырыстары қажетіне қарай өткізіледі.
Егер комиссия мүшелерінің кемінде жалпы санының жартысы қатысса Комиссия отырысы құқылы деп есептеледі. Комиссия отырысында оның төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
11 11. Комиссия хаттамасы.
Өтініштердің қарау нәтижеі бойынша Комиссия отырысының хаттамасы ресімделеді.
Комиссия хаттамасы материалдарды қарау нәтижесі бойынша ресімделеді және отырысқа қатысушы Комиссия мушелерінің жай көпшілік дауысымен қорытынды шығарылады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда комиссия отырысы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия хаттамасында:
Комиссияның атауы және жеке құрамы;
Комиссия отырысының күні мен жері;
қаралып жатқан материалдарға қатысы бар тұлғаның немесе заңды тегі, аты, әкесінің аты; өтініште көрсетілген өтініш;
Комиссия қорытындысың қабылдауға негіз болған деректер;
Комиссиямен қабылданған қорытынды көрсетіледі.
Хаттамаға төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
Комиссия қорытындысы жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес шығарылады.
Комиссия отырысының хаттамасының үзіндісі өтініш берушіге тапсырылады.
12 12. Комиссия хаттамасы бойынша шағым беру:
Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді алған күннен бастап он күн ішінде тұлғамен оған қатысты қабылданған жағдайда және оның заңды өкілі, адвокаты қаралған материалдар жөнінде комиссиямен қабылданған қорытынды бойынша осы комиссияны құрган атқарушы орган - аудан әкімдігіне шағым бере алады.
Көрсетілген мерзімде шағым беру Комиссияның тиісті хаттамасының орындалуын тоқтатады.
Комиссияның қаулысы бойынша сотқа шағым беру мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Жер учаскелеріне тиісті құқықтар беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі - аудан әкімдігінің қаулысы - өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап жеті күн мерзім ішінде жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы қаулысының көшірмесі тапсырылып, жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.