Об утверждении Положения о государственном учреждении "Военный институт Министерства обороны Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении "Военный институт Министерства обороны Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң Әскери институты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1153
- Қабылданған күні
- 05.11.2004
- Көрсетілген редакция
- 02.12.2016 AI21762_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040001153_
- ЭКБ идентификаторы
- 21762
- Редакция идентификаторы
- AI21762_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:33
0 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң Әскери институты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Шет ел тiлдерi әскери институты" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 шiлдедегi N 754 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери институты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
0 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 5 қарашадағы
N 1153 қаулысымен
бекiтiлген
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери институты (бұдан әрi - Институт) жоғары әскери кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады.
2 2. Институт өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3
3. Институттың мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында Жауынгерлiк Туы, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, белгіленген үлгідегi мөртаңбалары мен бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Институт азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
4 4. Институт өзінің құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Институт бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5 5. Институттың құрылымын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiтедi.
6 6. Институттың заңды мекен-жайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 210.
7 7. Институттың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты" мемлекеттік мекемесі".
8 8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Институттың мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын iске асыратын орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган) болып табылады.
9 9. Институттың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi.
2 2. Институттың мақсаты, мiндеттерi және функциялары
10 10. Институттың мақсаты жоғары әскери кәсiптік бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру болып табылады.
11 11. Институттың мiндеттерi мыналар болып табылады:
1 1) жоғары әскери арнайы бiлiмi бар офицер кадрларын даярлау, сондай-ақ шет мемлекеттердiң әскери оқу орындарында оқыту үшiн әскери қызметшiлердi даярлау;
2 2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери қызметшiлерiн және азаматтық персоналын қайта даярлау және жетiлдiру;
3 3) тәрбиелеу процесiн ұйымдастыру.
12 12. Институт халықаралық келiсiмдерге (шарттарға) сәйкес басқа мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың қарулы күштерi үшiн әскери қызметшiлер мен азаматтық персоналды даярлауды жүзеге асыруы мүмкiн.
13 13. Институт курсанттарды тiзбесi бiлiм саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiлетiн мемлекеттік бiлiм беру стандарттарына сәйкес азаматтық мамандықтарға оқытуды жүзеге асыруы мүмкiн.
14 14. Көрсетiлген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Институт мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1 1) жоғары және орта әскери кәсiптiк бiлiм берудiң бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайды;
2 2) терең әскери арнайы бiлiм, қатаң дағды мен машық қалыптастыруды қамтамасыз етедi, жоғары кәсiби қасиеттерiн пысықтайды;
3 3) патриоттық, әскери антқа адалдық сезiмiне тәрбиелейдi және адамның шығармашылық, рухани және табиғи мүмкiндiктерiн дамытады, адамгершілiктің, әскери этика нормаларының, тәртiптiлiк пен ұйымшылдықтың берiк негiздерiн қалыптастырады.
3 3. Институттың қызметiн ұйымдастыру
15 15. Институт:
1 1) жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес азаматтарды Институтқа қабылдауды жүзеге асырады;
2 2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының негізiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу және тәрбие қызметiн жүзеге асырады;
3 3) бiлiм алушыларды аралық аттестаттаудың нысанын, тәртiбi мен мерзімін өздері таңдайды;
4 4) азаматты қабылдау кезiнде оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн осы Ережемен, бiлiм беру қызметiн жүргізу құқығына лицензиямен және қабылдау тәртiбi мен оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды реттейтiн басқа да құжаттармен таныстырады;
5 5) жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
6 6) iшкi тәртіп ережесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
7 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртiппен кадрлардың білiктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi.
16 16. Институтты басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Институтта басқарудың алқалық органы көзделедi, ол туралы ереже оны сайлау тәртiбiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.