Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подтверждения казахстанского производителя программного обеспечения для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей

Бұйрық · № 604/НҚ · қабылданған 28.11.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-217756/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил подтверждения казахстанского производителя программного обеспечения для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей Қолданыста 07.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил подтверждения казахстанского производителя программного обеспечения для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей

Қолданыста Бұйрық № 604/НҚ 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подтверждения казахстанского производителя программного обеспечения для включения в реестр казахстанских товаропроизводителей
Атауы (қаз.)
Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
604/НҚ
Қабылданған күні
28.11.2025
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2026
Көрсетілген редакция
07.08.2026 217756_840202.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037506
ЭКБ идентификаторы
217756
Редакция идентификаторы
217756_840202
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
20.09.2026 02:15
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидаларын бекіту туралы

📌 Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушіcін растау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрі
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 604/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау
қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидалары (әрі қарай – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растауды анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) бағдарламалық қамтылым – бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;

2) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;

3) қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі – қазақстанда шығарылған тауар өндірушілер және олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісі;

4) Қазақстанда шығарылған тауар – толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауар немесе өндіру кезінде өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегі орындалатын, өндіріс шарттарына сәйкес келетін қайта өңделген тауар, ол туралы мәліметтер қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қамтылады;

5) сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ бұйрығымен бекітілген Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38903 болып тіркелген) (бұдан әрі – тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары) белгiленген өлшемшарттарына сәйкес келетiн цифрлық объектiлердiң тізбесі;

6) өтініш беруші – Қазақстан Республика заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізу туралы өтініш берген жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

7) Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 07.08.2026 № 461/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Қазақстанда шығарылған тауарларға бағдарламалық қамтылым бір мезгілде келесі талаптарға сәйкес келген жағдайда теңестіріледі:

1) бағдарламалық қамтылым Қазақстан Республикасы аумағында шығарылған;

2) бағдарламалық қамтылым сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізілген.

📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 07.08.2026 № 461/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндіруші ретінде растау қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізуге үміткер әрбір бағдарламалық қамтылымға қатысты жүзеге асырылады.

2-тарау. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау

5. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау үшін өтініш беруші келесі формула бойынша бағдарламалық қамтылымның оқшаулау үлесін (бұдан әрі – БҚОҮ) есептейді:

БҚОҮ = (1–(∑СВi/∑ ОСВᵢ)) × 100%,
мұндағы:
∑СВᵢ — i шарттар бойынша шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен, сондай-ақ олар бақылайтын қазақстандық ұйымдармен, агенттермен және өкілдермен жасалған төлемдер сомасы;
∑ОСВᵢ — i шарттар бойынша бағдарламалық қамтылымды әзірлеуге арналған төлемдердің жалпы сомасы;
i — шарттың реттік нөмірі.
Бұл ретте, қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау мақсатында БҚОҮ-нің шекті нормасы кемінде 80 % болуы тиіс.
Бұл ретте, өтінім беруші тарапынан бағдарламалық қамтылымды, оның құрамдас бөліктерін, дараландыру құралдарын пайдалану құқығын беруді көздейтін лицензиялық және өзге де шарттар бойынша, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, түрлендіру және бейімдеу жөніндегі жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсеткені үшін қазақстандық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларының пайдасына өндірілген пайызбен көрсетілген төлемдердің жиынтық сомасы (бұдан әрі – төлем сомасы) шетелдік тұлғалардың, аталған шетелдік тұлғалардың агенттері мен өкілдерінің, сондай-ақ олар бақылайтын қазақстандық ұйымдардың бақылауымен өтініш беруші тарапынан өткен күнтізбелік жылда төленген жалпы төлем сомасының 20%-ынан аспайды.
Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау келесі құжаттарға негізделеді:

1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша БҚОҮ есептеуі туралы есеп;

2) бағдарламалық қамтылымды өндіруді жүзеге асыратын өтініш берушінің есепті кезеңдегі жұмыскерлерге төленетін жалақы төлемдерін растайтын құжаттардың: 332 төлем тағайындау коды және (немесе) шығыс кассалық ордері бойынша банктік төлем құжаттарының көшірмелері;

3) өтініш берушінің бағдарламалық қамтылымды өндіру фактісін растайтын: өтініш берушімен бекітілген техникалық тапсырмалар, оған қолданыстағы толықтыруларды және бағдарламалық қамтылымды өндірістік пайдалануға енгізу туралы бұйрықты қоса алғандағы құжаттар;

4) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 07.08.2026 № 461/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

5) есепті кезеңде сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізуге өтініш берілген, бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді немесе түрлендіруді (бейімдеуді) немесе сүйемелдеуді (техникалық қолдауды) жүзеге асыратын жұмыскерлердің тізбесі.

Бұл ретте шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен төлемдер бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, түрлендіру және бейімдеу шығындарының бір бөлігін құрайтын шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен, сондай-ақ олар бақылайтын қазақстандық ұйымдармен, агенттермен және өкілдермен жасалған шарттар бойынша төлемдер сомасын қамтиды.
Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес бағдарламалық қамтылымды сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 07.08.2026 № 461/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі мәліметтердің өзектілігін тексеру мақсатында уәкілетті орган тоқсан сайын қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі мәліметтердің, құжаттардың түпнұсқалығына мониторинг жүргізеді және оның нәтижелері туралы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

2 Бағдарламалық қамтылымның оқшаулау үлесін (БҚОҮ) есептеу туралы есеп

Қазақстандық тауар
өндірушілер тізіліміне енгізу үшін
қазақстандық бағдарламалық
қамтылым өндірушісін
растау қағидаларына
қосымша
📌 Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 07.08.2026 № 461/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Бағдарламалық қамтылымның оқшаулау үлесін (БҚОҮ) есептеу туралы есеп
1. Жалпы мәліметтер:
Ұйымның атауы
[Ұйымның атауын енгізіңіз]
БСН/ЖСН
[Ұйымның БСН/ЖСН енгізіңіз]
Есепті кезең
[Есепті кезеңнің басталу және аяқталу күнін енгізіңіз]
Жауапты адам
[Жауапты адамның тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) енгізіңіз]
Байланыс деректері
[Байланыс деректерді енгізіңіз]
Шығындар бабы
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және компоненттер үшін төлемдер сомасы (жергілікті компонент)
Қазақстан Республикасынан тыс жерде өндірілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және компоненттер үшін төлемдер сомасы (шетелдік компонент)
Декодтау
Ескерту
Жалақы
Бұлттық сервистер
(мысалы, AWS)
Өзге құқық иеленушілерінің бағдарламалық қамтылымы және лицензиялары туралы мәліметтер
Әзірлеуге арналған мердігерлер (Қазақстан Республикасында)
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі мердігерлер
Барлығы
2. Бағдарламалық қамтылымды оқшаулау үлесін есептеу (БҚОҮ):
Төлем сомасы
(∑СВᵢ)
[Төлемдер сомасы сомасы (шетелдік құрамдас)]
Төлемнің жалпы сомасы
(∑ОСВᵢ)
[Барлық төлемдер сомасы]
БҚОҮ (пайызбен)
[Есептеу пайызы]
6. Қолдары:
Жауапты адам
Күні
Қолы
[Жауапты тұлғаның Т.А.Ә.]
[Қол қою күні]
[Қолы]
Ескертпе: осы берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын