Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения Бербоут-чартерного реестра

Бұйрық · № 71-п · қабылданған 07.10.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21784/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения Бербоут-чартерного реестра Күшін жойған Бұйрық ·№ 71-п ·07.10.2004
28.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения Бербоут-чартерного реестра

Күшін жойған Бұйрық ·№ 71-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения Бербоут-чартерного реестра
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік кеме тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71-п
Қабылданған күні
07.10.2004
Көрсетілген редакция
28.06.2011 AI21784_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003198_
ЭКБ идентификаторы
21784
Редакция идентификаторы
AI21784_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:37

0 Мемлекеттік кеме тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49  қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған  Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2.  Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Су көлігінде бақылау басқармасы (Р.Қ. Адамова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б. Есжановқа жүктелсін.

4 Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Комитет төрағасы
"Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу
ережесін бекіту туралы"
Көліктік бақылау комитеті төрағасының
2004 жылғы 8 қазандағы
N 71-п бұйрығымен
бекітілген
Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 49  қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесіне (бұдан әрі - Тіркеу ережесі) сәйкес әзірленді.

2 2. Ереже Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу тәртібін белгілейді.

3 3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

бербоут-чартерлік тізілім - Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық берілген кемелер тіркелетін тізілім;
кеменің меншік иесі - Тіркеу ережесіне сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;
кемені жалдаушы - кемені жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау немесе сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге кеме немесе бірнеше кеме берілетін тарабы.

4 4. Бербоут-чартерлік тізілім (1-қосымша) мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық тасымалдаушыларда порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - ПТӘ) жүргізеді.

5 5. Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізуді бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

2 2. Бербоут-чартерлік тізілімді жүргізу тәртібі

6 6. Кіріс құжаттарын есепке алу кітабы (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) (2-қосымша) және кеме істері Бербоут-чартерлік тізілімінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Кеме ісі әр кемеге ресімделеді және кеменің тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Кемені және осы кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін келіп түсетін құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің, Кемеге арналған меншік құқығы туралы куәліктің, Бербоут-чартерлік тізілімнен берілген анықтамалар мен үзінді көшірмелердің көшірмелері кеме ісіне тіркеледі.

7 7. Бербоут-чартерлік тізілім және Есепке алу кітабы жеке журналдарда жүргізіледі, беттері нөмірленген, тігілген болуы тиіс, соңғы бетінде нөмірленген, тігілген парақтардың саны жазылады және ПТӘҒбасқаратын теңіз портының капитаны қол қойып, мөрмен растайды.

8 8. Бербоут-чартерлік тізілімді, кеме істерін және Есепке алу кітабын жоюға және олардан қандай да бір құжаттарды немесе олардың бөліктерін алуға жол берілмейді.

9 9. Бербоут-чартерлік тізілімнің "Өзгерістер туралы белгілер" бағанында кеме туралы немесе барлық жазбаны жаңартуды талап етпейтін өзгерістер, сондай-ақ оған құқықтардың тоқтауы немесе ауысуы туралы қосымша ақпарат жазылады.

Мұндай мәліметтерге мыналар жатады:

1 1) жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының, тұрғылықты жерінің өзгеруі, егер кеме жалдаушы жеке тұлға болып табылса;

2 2) заңды тұлғаның атауының, орналасқан жерінің немесе почталық мекен-жайының өзгеруі, егер кеме жалдаушы заңды тұлға болып табылса;

3 3) кеменің атауының өзгеруі.

18 Бербоут-чартерлік тізілім

ді
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Бербоут-чартерлік тізілім
__________________________________________________________________
р/с|Бербоут-|Қазақ.|Кеме.|ИМО |Шақы.|Кеме|Меншік|Негіз. |Жалдаған
N  |чартер. |стан  |нің  |сәй.|ру   |жал.|иесі. |гі тір.|уақыттағы
|лік ті. |Рес.  |атауы|кес |бел. |дау.|нің   |келген |кеменің
|зілімге |публи.|     |нө. |гісі |шының|атауы|порты  |тіркелген
|енгізіл.|касы. |     |мірі|     |ата.|және  |       |порты
|ген күні|ның   |     |    |     |уы  |оның  |       |
|және    |Мемле.|     |    |     |және|мекен-|       |
|тіркел. |кеттік|     |    |     |оның|жайы  |       |
|ген рет.|туы   |     |    |     |ме. |      |       |
|тік нө. |астын.|     |    |     |кен-|      |       |
|мірі    |да жү.|     |    |     |жайы|      |       |
|        |зу құ.|     |    |     |    |      |       |
|        |қығына|     |    |     |    |      |       |
|        |беріл.|     |    |     |    |      |       |
|        |ген   |     |    |     |    |      |       |
|        |рұқ.  |     |    |     |    |      |       |
|        |саттың|     |    |     |    |      |       |
|        |жарам.|     |    |     |    |      |       |
|        |дылық |     |    |     |    |      |       |
|        |мерзі.|     |    |     |    |      |       |
|        |мі    |     |    |     |    |      |       |
__________________________________________________________________
1     2      3      4     5    6    7      8      9       10
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________
Кеменің  |Жүзу  |Жоба N|Кеменің  |Корпус|Жүк көте.|Жолаушылар
түрі және|ауданы|      |жасалған |мате. |рімділігі|сыйымдылығы
мақсаты  |      |      |жылы және|риалы |(тонна)  |(адам)
|      |      |орны     |      |         |
__________________________________________________________________
11      12      13      14      15      16      17
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________
Басты    |Қозға. |Кеменің метрмен габариттік|Құтқару|Сыйымдылығы
қозғалт. |ғыштар.|өлшемдері (метрмен)       |шлюпка.|(тізілімдік
қыштар.  |дың    |__________________________|лары   |тоннамен)
дың түрі,|түрі   |Ұзын.|Ені|Су   |    Шөгу  |(саны, |_____________
саны және|және   |дығы |   |үс.  |__________|жалпы  |таза  | жалпы
қуаты    |винт.  |     |   |тін. |жүк.|жүк. |сыйым. |      |
|тердің |     |   |дегі |пен |сіз  |дылығы)|      |
|саны   |     |   |борт.|    |     |       |      |
|       |     |   |тың  |    |     |       |      |
|       |     |   |биік.|    |     |       |      |
|       |     |   |тігі |    |     |       |      |
__________________________________________________________________
18        19     20   21  22    23   24      25     26     27
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
___________________________
Жүріс жылдамдығы|Өзгерістер|
(тораптарда)    |жөніндегі |
|белгілер  |
___________________________|
жүкпен| жүксіз  |          |
___________________________|
28     29        30      |
___________________________|
Бербоут-чартерлік тізілімді
жүргізу ережесіне
2-қосымша
Бербоут-чартерлік тізілімнің Кіріс құжаттарын есепке алу кітабы
__________________________________________________________________
N  |Кеменің|Құжат.|Келіп |Меншік |Кеме   |Мемлекет.|Бербоут-чар.
р/с| атауы |тардың|түскен|иесі.  |жалдау.|тік тір. |терлік
|       |келіп |құжат.|нің    |шының  |кеуден   |тізілімнен
|       |түскен|тардың|атауы  |атауы  |бас тарт.|берілген үзінді
|       |күні  |атауы |(мекен-|(мекен-|қаны ту. |көшірмелер мен
|       |      |      |жайы,  |жайы,  |ралы     |анықтамалар
|       |      |      |теле.  |теле.  |жазба    |(кімге және
|       |      |      |фоны,  |фоны,  |         |қашан берілді)
|       |      |      |факсы) |факсы) |         |
__________________________________________________________________
1      2      3      4      5       6          7         8
__________________________________________________________________

Қолданыстағы