Об определении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурстарда орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және олар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
Теміртау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «28» қарашадағы № 47/9 қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыстардың түрлері және олар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі № Қоғамдық жұмыстардың түрлері Ұйымдардың атауы 1. Аумақты абаттандыру; Аумақты жинау және тазалау; Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар. «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2. Аумақты абаттандыру; Аумақты жинау және тазалау; Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар. «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3. Аумақты абаттандыру; Аумақты жинау және тазалау; Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар. «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі