Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил субсидирования убытков перевозчика, связанных с осуществлением пассажирских перевозок по социально значимым сообщениям

Қаулы · № 1188 · қабылданған 11.11.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21835/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил субсидирования убытков перевозчика, связанных с осуществлением пассажирских перевозок по социально значимым сообщениям Күшін жойған Қаулы ·№ 1188 ·11.11.2004
11.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил субсидирования убытков перевозчика, связанных с осуществлением пассажирских перевозок по социально значимым сообщениям

Күшін жойған Қаулы ·№ 1188 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил субсидирования убытков перевозчика, связанных с осуществлением пассажирских перевозок по социально значимым сообщениям
Атауы (қаз.)
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1188
Қабылданған күні
11.11.2004
Көрсетілген редакция
11.09.2015 AI21835_18.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001188_
ЭКБ идентификаторы
21835
Редакция идентификаторы
AI21835_18
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:33

0 Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекiту туралы

"Teмip жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiліп отырған Тасымалдаушының әлеуметтік мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

0 Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 11 қарашадағы
N 1188 қаулысымен
бекiтiлген
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды.

2 2. Әлеуметтік мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөнiндегi конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады.

3 3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар:

1 1) облысаралық қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестірудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган);

2 2) ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға тиiстi облыстардың әкiмдiктерi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар).

2 2. Субсидиялар мөлшерін анықтау тәртібі

4 4. Облысаралық қатынастарды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарды жергілiкті өкiлеттi және атқарушы органдар анықтайды.

5 5. Тасымалдаушының тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, облысаралық қатынастардағы тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегiнде субсидияланады.

Тасымалдаушының ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастардағы тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдары тиiстi жергiлiктi бюджеттерде көзделген сомалар шегiнде субсидияланады.
Жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша ұйымдастыруға арналған субсидиялардың жалпы сомасы, әлеуметтік мәнi бар қатынастар тiзбесiн және осы Ереженiң 6-тармағында көрсетілген өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi тарифтерiнiң деңгейiн есепке ала отырып, жыл сайын тиiстi бюджетте көзделедi.
Табиғи монополия саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлетті орган жыл сайын, белгіленген тәртiппен жолаушылар тасымалдауды қатынастар бойынша жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшiн тиiстi жылға субсидиялауға көзделген бюджеттік қаражаттарды есепке ала отырып, магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерiнiң тарифтерiне (бағаларына, ставкаларына, алымдарына) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтедi.
Поездардың тізбесі, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың саны, олардың әлеуметтік мәні бар қатынастарда қатынау кезеңділігі, осы поездардың, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың субсидияланатын бөлігінің құрамдылығы уәкілетті және атқарушы органдар жыл сайын өткізетін Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдауды талдаудың негізінде белгіленеді.
Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар поездарының құрамында тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондардың, вагон-мейрамханалардың және багаждық вагондардың қатынастарын заңнамаға сәйкес қамтамасыз ететін тасымалдаушыларға табиғи монополиялар саласындағы бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган жыл сайын белгіленген тәртіппен осы вагондардың жүрісі үшін магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтерге (бағаларға, ставкаларға, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілейді.

6 6. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi бюджеттің шығыс бөлiгiне енгiзу үшін субсидиялар мөлшерiн есептеу әр жолаушы поезы бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, мынадай өндiрiстiк көрсеткiштер негiзiнде жүргізiледi:

1 1) жолаушы айналымы:

тасымалданатын жолаушылар саны;
жол жүрудiң орташа қашықтығы;

2 2) вагон айналымы (вагондардың жүрген жолы):

бағыттардың қашықтығы;
поездың субсидияланатын бөлігінiң құрамдылығы тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар саны және қатынау жиiлiгi;

3 3) вагондардың сыйымдылығы;

4 4) бiр жолаушы-километрдiң өзiндiк құны;

5 5) бiр жолаушы-километрдiң кiрiс ставкасы;

6 6) бағыт шығыстары;

тасымалдаушының пайдалану шығыстары;
магистральдық темiр жол желiсiнiң қызмет көрсетулерi үшiн төлем;
локомотивтiк тарту қызметiн көрсетулерi үшiн төлем;

7 7) бағыт кiрiстерi.

7

7. Тиiстi бюджеттiк бағдарламада көзделген соманың шегiнде қатынастар бойынша темiр жол көлiгімен мынадай вагон санаттарында жалпы, плацкарт, купе, дизель және электр поездарының вагондары, тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондар, сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiкпен мемлекеттiк емес қарыз есебiнен сатып алынған вагондарда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының нақты залалдары субсидиялауға жатады.
Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың осы Ережеге 4-қосымшада көрсетілген шығыстары ескерілмейді.

8 8. Конкурсқа қойылатын қатынастар бойынша билеттер бағалары көтерілуінің шектi деңгейiн уәкілеттi орган (атқарушы орган) белгілейдi.

9

9. Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындаған қатынастар негізінде уәкілетті және атқарушы органдар лоттарды қалыптастырады. Осы лоттар бойынша конкурстар оларды өткізу тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін уәкілетті және атқарушы органдардың актілеріне сәйкес өткізіледі.

10

10. Субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын және уәкiлетті орган белгiлеген мiндетті қызметтердiң тiзбесiмен қоса әлеуметтік мәні бар қатынастарда тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, тасымалдауды үздiксiз жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенетін тасымалдаушы жеңген болып танылады.

11 11. Конкурстық комиссия конкурсты өтпеген деп таныған жағдайда конкурстық комиссия:

1 1) конкурсты қайтадан өткізу туралы шешім қабылдайды;

2

2) конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайда, онымен Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарттар жасасады. Жасалған Шарттың бағасы бөлінген субсидиялардың сомасынан аспауға тиіс.

12 12. Егер конкурстың нәтижелері бойынша тасымалдаушы айқындалмаған болса, онда уәкілетті орган (атқарушы орган) осы Ережеге сәйкес есептелген субсидиялар сомасына Жолаушыларды ұлттық тасымалдаушымен қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға шарт жасасады.

13

13. Конкурс жеңiмпазы мен уәкiлетті орган (атқарушы орган) арасында уәкілетті орган (атқарушы орган) бекiткен нысан бойынша жасалған, онда негізгi шарттар, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, өткiзiлген конкурстардың нәтижелері бойынша тіркелмелі және жолда тоқтамайтын вагондарды ескере отырып, белгiленген мөлшерде субсидияларды төлеу тәртібi мен мерзiмдерi белгiленген тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша тасымалды жүзеге асыруға байланысты залалдарын субсидиялау туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.

13-1

13-1. Ағымдагы қаржы жылына арналған тиісті бюджетте көзделген қаражат шегінде тасымалдаудың маусымдылығына және поездардың, тіркелмелі және тоқтамайтын вагондардың қозғалыс кестесінің өзгеруіне, сондай-ақ жолаушылар ағынына байланысты тараптардың өзара келісуі бойынша шартқа қосымша келісім жасау арқылы поездардың құрамдылығына, тіркелмелі және тоқтамайтын вагондардың санына және қатынау кезеңділігіне сәйкес субсидиялар сомасын қайта қарауға жол беріледі.

14 14. Шарт үш жылға дейін мерзімін ұзарту құқығымен 1 жылдық мерзiмге жасалады және келесi күнтiзбелiк жылдың 1-шi қаңтарынан бастап күшiне енедi.

14-1 14-1. Шарттың қолданылу мерзімі тиісті бюджетте көзделген субсидиялар көлемінен аспайтын көлемде тендер шарттары орындалған және міндетті сақталған жағдайда келесі қаржы жылына ұзартылады.

3 3. Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдары бойынша субсидияларды төлеу тәртiбі мен шарттары

15 15. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарға және төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.

16 16. Бір облыс ішіндегі қалааралық және ауданаралық қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидияларды төлеу төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізіледі.

17 17. Субсидияларды төлеу нақты жүзеге асырылған және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеппен және осы Ережеге 1-1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресiмделген, орындалған жұмыстар актісімен расталған тасымалдар бойынша ай сайын жүргізіледі.

18 18. Шартта конкурс жеңiмпазы ұсынған субсидияның айлық сомасының 30 пайызына дейiнгі мөлшерде алдын ала төлеу көзделуi мүмкiн.

19 19. Тасымалдаушы ай сайын, есептіден кейiнгi айдың 25-шi күнiне дейiнгі мерзiмде ұйымның басшысымен, бас бухгалтерiмен және мөрiмен куәландырылған мынадай құжаттарды уәкілетті органға (атқарушы органға) ұсынады:

1 1) осы Ережеге 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жолаушылар тасымалын орындау туралы ай сайынғы есепті және жыл басынан бастап жолаушылар тасымалын орындау туралы есепті;

2 2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актiсi;

3

3) қатынас бойынша орындалған тасымалдар көлемін растайтын және осы пойызда тасымалданған жолаушылар, үлгілер бойынша вагондар саны, жолаушылар айналымы, тіркелген және тікелей қатынайтын вагондарды ескере отырып, вагондардың толуы туралы мәліметтерді қамтитын Ұлттық инфрақұрылым операторының құжаты;

4 4) тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тарту операторы арасындағы есептіден кейінгі айдың бірінші күніне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;

5 5) осы Ережеге 1-2, 1-3-қосымшаларға сәйкес темір жол жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар мен кірістер бойынша ай сайынғы есептер;

6 6) осы Ережеге 1-4-қосымшаға сәйкес тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі;

7 7) тиісті ұйымнан жол жүру құжаттарын сатудан түсетін түсімдер бойынша салыстыру актісі;

8 8) осы тармақтың 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарда қамтылған көрсеткіштер есебін түсіндіретін есепке түсіндірме жазба.

20

20. Тасымалдаушылар осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күнінен бастап уәкiлеттi орган (атқарушы орган) күнтізбелік 15 күн ішінде орындалған жұмыстар актiсiне қол қояды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Аумақтық қазынашылық органына осы Ережеге сәйкес субсидияланатын маршруттардың тiзiлiмдерi мен төлеуге арналған шоттарды ұсынады.

21 21. Әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар бағыттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске тартылған активтердің жеке есебін жүргізеді.

1 Жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеп (ай сайын)

Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-қосымша
Жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есеп (ай сайын)
__________________________________________________________________
1 | 2 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12
__________________________________________________________________
Ке. |По.|Қа.|Қа. |Қа. |Ва.|Құ. |Ва. |Жолау.|1 жо.|Жолау.|Бағыт
зең |езд|ты.|шық.|ты. |гон|рам.|гон.|шы ай.|лаушы|шылар |бой.
(ай)|N |нас|тық,|нау |тү.|дағы|дар.|налы. |-км |тасы. |ынша
| | |км |ке. |рі |ва. |дың |мы, |өзін.|мал. |кіріс
| | | |зең.| |гон.|жүр.|жолау.|дік |данды |мың тг
| | | |ді. | |дар.|ген |шы, км|құны | |
| | | |лігі| |дың |жолы| | | |
| | | | | |саны|ваг/| | | |
| | | | | | |км | | | |
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
____________________________________
13 | 14 |
_______________________|___________|
Тасымалдар бойынша |Шығыстар |
шығыстар |жиыны мың |
_______________________|тг |
МТЖ қыз.|Локо.|Тасымал.| |
меттер |мотив|даушының| |
көрсе. |тар. |шығыс. | |
туі, |тымы.|тары | |
мың тг |ның |мың тг | |
|қыз. | | |
|меті | | |
|мың | | |
|тг | | |
____________________________________
Тасымалдаушы
Бас бухгалтер
М.о.

1.1 Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп 200__жылдың_________ (жыл басынан бастап)

Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-1 қосымша
Жолаушылар тасымалын орындау туралы есеп 200__жылдың_________ (жыл басынан бастап)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Ке­зең
По­езд
N
Қа­ты-
нас
Қа-
шық-
тық,
км
Қа­ты-
нау ке­зең-
ді­лі­гі
Ва­гон
тү­рі
Құ­рам-
да­ғы
ва­гон-
дар­дың
ор­та­ша
са­ны
Ва­гон-
дар­дың
жүр­ген жо­лы,
ваг/км
Жо­лау-
шы
ай­на-
лы­мы,
жо-
ла­у­шы,
км
1 жо-
ла­у­шы,
км ор­та­ша
өзін-
дік
құ­ны, тг
кестенің жалғасы
11
12
13
14
15
Жо­лау-
шы­лар
та­сы-
мал-
дан­ды
Жол ба­ғы­ты
бой-
ын­ша
кі­ріс,
мың тг
Та­сы­мал­дар
бой­ын­ша шы­ғы­стар
Шы­ғыс-
тар
жиы­ны,
мың тг
Кірі­спен
жа­был­май­тын
шы­ғы­стар, мың тг
МТЖ
қыз-
мет-
те­рі,
мың тг
Ло­ко-
мо­тив
тар­ты-
мы­ның
қыз-
мет-
те­рі,
мың тг
Та­сы-
мал-
дау-
шы­ның
шы­ғыс-
та­ры,
мың тг
Бар-
лы-
ғы
жыл
ба­сы-
нан
бас-
тап
тө-
лен-
ген
суб-
си­дия
суб-
си-
дия-
ла­у­ға
жа­та-
ды
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-2-қосымша
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі кірістер бойынша
20 __ жылғы ____________________ есеп
Ва­гон­дар тү­рі
Са­ны
Бар­лық ба­ғыт­қа кі­рі­стер
Бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы­нан
тө­сек-орын са­ту­дан
шай са­ту­дан
Өзге де кі­рі­стер
сер­ви­стік қыз­мет­тер
жү­рі­сі
ва­гон­дар­ды жал­ға алу
агент­тік  ко­мис­си­я­лық сый­а­қы
та­сы­мал­дау блан­кі­ле­рін пай­да­ла­ну
жер­гі­лік­ті кі­ріс
ба­стап­қы құ­жат­тар­ды өң­деу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
Өзге­ле­рі (же­дел хат­тар, бас­па өнім­де­рін та­ра­ту)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Бар­лы­ғы­ның са­ны
со­ның ішін­де: люкс
кү­пе
плац­карт
жал­пы
жүк
ва­гон-мей­рам­ха­на­лар
поч­та
Ұлт­тық Банк­тің
Әді­лет­ми­ні­нің
Өзге­ле­рі (же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың тап­сы­ры­сы бой­ын­ша)
кестенің жалғасы
Қа­зақ­стан ау­ма­ғы бой­ын­ша кі­рі­стер
Бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
жо­ла­у­шы­лар та­сы­ма­лы­нан
тө­сек-орын са­ту­дан
шай са­ту­дан
Өзге де кі­рі­стер
сер­ви­стік қыз­мет­тер
жү­рі­сі
ва­гон­дар­ды жал­ға алу
агент­тік ко­мис­си­я­лық сый­а­қы
та­сы­мал­дау блан­кі­ле­рін пай­да­ла­ну
жер­гі­лік­ті кі­ріс
ба­стап­қы құ­жат­тар­ды өң­деу жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
Өзге­ле­рі (же­дел­хат­тар, бас­па өнім­де­рін та­ра­ту)
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
Ескертпе:
1) Қазақстан аумағында әлеуметтік мәні бар вагодар бойынша шығыстар,
барлығы ______________________ мың теңге
2) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер (билеттер, төсек-орын,
шай сатудан, басқа да тасымалдаушыларға қызмет көрсетуден) __________________ мың теңге
3) Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша кірістер,
барлығы ____________ мың теңге
4) Шығыстар мен кірістер арасындағы айырма {әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша)
____________ мың теңге
Басшы __________________ Бас бухгалтер ______________
Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-3-қосымша
Темір жолмен жолаушылар тасымалын орындау кезіндегі шығыстар бойынша
20 __ жылғы ______________ есеп
Ва­гон­дар тү­рі
Са­ны
Бар­лық ба­ғыт­та­ғы шы­ғы­стар
Қа­зақ­стан ау­ма­ғы бой­ын­ша шы­ғы­стар
Бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
Бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
ло­ко­мо­тив­тік  тар­ты­мы
МТЖ
та­сы­мал­да­у­шы­ның шы­ғы­ста­ры
со­ның ішін­де ке­зең шы­ғы­ста­ры
ло­ко­мо­тив­тік тар­ты­мы
МТЖ
та­сы­мал­да­у­шы­ның шы­ғы­ста­ры
со­ның ішін­де ке­зең шы­ғы­ста­ры
Бар­лық са­ны
со­ның ішін­де: люкс
ку­пе
плац­карт
жал­пы
жүк
ва­гон-мей­рам­ха­на­лар
поч­та
Ұлт­тық Банк­тің
Әді­лет­ми­ні­нің
Өзге­ле­рі (же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың тап­сы­ры­сы бой­ын­ша)
Ескертпе:
1) Әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша шығыстар,
барлығы _____________________ мың теңге
2) Қазақстан аумағындағы әлеуметтік мәні бар вагондар бойынша
шығыстар, барлығы ___________ мың теңге
Басшы _________________ Бас бухгалтер ________________
Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы
Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
1-4-қосымша
Тасымалдаушының темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөніндегі тікелей шығыстарының тізілімі
_________________________ жылдың _____________ айына
(тасымалдаушының атауы)
(мың теңге)
Ке­зең
Шы­ғы­стар­дың ата­уы
Шы­ғыс құ­жа­ты
Шы­ғыс құ­жа­ты бой­ын­ша со­ма­сы
Ва­гон­дар­дың жал­пы жү­рі­сі, ваг-км
Суб­си­ди­я­ла­на­тын ва­гон­дар бой­ын­ша жү­ріс, ваг-км
Суб­си­ди­я­ла­на­тын ва­гон­дар бой­ын­ша шы­ғы­стар со­ма­сы
Басшы __________________ Бас бухгалтер __________________
Т.А.Ә. қолы Т.А.Ә. қолы

2 Орындалған жұмыстар актiсi

Тасымалдаушының әлеуметтiк
мәнi бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесiне
2-қосымша
Орындалған жұмыстар актiсi
200_жылғы "_"______
Бiз, төменде қол қойғандар,
______________________________________________
(актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т А.Ә.)
бiр тараптан және_____________________________
(басшының, бас бухгалтердiң қолы, Т.А.Ә.)
екiншi тараптан, 200_жылғы____________ айы iшiнде орындалған
жұмыстардың осы актіні жасадық.
__________________________________________________________________
Поезд|Рейс.| Вагон айналымы |Бағытты субсидиялау
N |тер |_______________________|сомасы (мың тг)
|саны |вагон|вагон|вагон|вагон|
| |түрi |түрi |түрi |түрi |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
200_жылғы___________айына арналған субсидиялау сомасы
___________________________________________________құрайды
(теңгедегі сомасы цифрмен және жазбаша)
Тараптардың заңды мекен-жайлары:
Уәкілетті орган: Тасымалдаушы:
БСН БСН
Банктiк деректемелер Банктiк деректемелер
____________________________ ______________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)
____________________________ ______________________
(актілерді қабылдауға жауапты (бас бухгалтердің қолы,
басшының қолы, Т.А.Ә.) Т.А.Ә.)
М.о. М.о.

3 Субсидияланатын бағыттардың тізілімі

Тасымалдаушының әлеуметтiк
мәнi бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесiне
3-қосымша
Субсидияланатын бағыттардың тізілімі
200_жылғы "_"______
__________________________________________________________________
P/c N|Бағыттың|Жөнелту |Жеткізу |Бағытты субсидиялау
| N |станциясы |станциясы|сомасы (мың тг)
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5
_________________________________________________________________
Субсидиялау сомасының жиыны:___________________________
(теңгедегi сомасы цифрмен және жазбаша)
Осы тiзiлiмге мыналар қоса берiледi:
1._________________________
2._________________________
3._________________________
Тасымалдаушы: Уәкiлеттi орган:
______________________ ______________________
(басшының қолы, Т.А.Ә. (басшының қолы, Т.А.Ә.)
______________________ ______________________
(актілерді қабылдауға жауапты (бac бухгалтердiң қолы,
басшының қолы, Т.А.Ә.) Т.А.Ә.)
М.о. М.о.

4 Тасымалдаушылардың субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарын қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың тізбесі

Тасымалдаушының әлеуметтік
мәні бар қатынастар бойынша
жолаушылар тасымалдауды жүзеге
асыруына байланысты залалдарын
субсидиялау ережесіне
4-қосымша
Тасымалдаушылардың субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарын қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың тізбесі
Субсидияланатын қызметке байланысты нақты шығыстарды қалыптастыру кезінде тасымалдаушылардың мынадай:

1

1) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және қоймалардағы тауарлар қорлары, басқа да өндірілмейтін шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әр түрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;

2 2) ластағыш заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төленетін төлемдер;

3 3) үмітсіз борыштар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі аяқталған дебиторлық берешек);

4 4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мен санкциялардың басқа түрлері;

5 5) кірісті жасырғаны (азайтқаны) үшін төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

6 6) ұрлықтардан келген зияндар;

7 7) ақаудан болған ысыраптар;

8 8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.);

9 9) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын, оның ішінде кәсіптік-техникалық училищелерді ұстау;

10 10) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;

11 11) ұйым қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;

12 12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды) өткізу;

13 13) демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету;

14 14) жолаушыларды темір жол көлігімен әлеуметтік бар қатынастар бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстардың басқа да түрлері бойынша шығыстары ескерілмейді.

Қолданыстағы