Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов при проведении поэтапной регистрации прав (обременений прав) на недвижимое имущество Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезiндегi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күшi бар Жарлығының 3-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезiндегi мемлекеттік органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1195 қаулысымен бекiтiлген Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезiндегi мемлекеттік органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi
Тармақ 1
1. Осы Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимыл жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) тiркеушi органдардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегi мемлекеттiк органдар арасындағы өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже қолданылатын мемлекеттiк органдарға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары, жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары, республикалық мемлекеттiк меншiктi иеленуге Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдары, салық органдары, тiркеушi орган (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) жатады.
Тармақ 3
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу кезiндегі мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылы құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлiкке құқықтары (құқықтық ауыртпалықтары), соның iшiнде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жүйесi енгізiлгенге дейiн туындаған құқықтары (құқықтық ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркеуден өтпеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құқық иеленушiлерi туралы деректермен толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк органдардың жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізу кезiндегi негiзгi мiндетi тiркеушi органды жылжымайтын мүлiк объектiлерi, олардың құқық иеленушiлерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтардың түрi мен туындау негiздемелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар тiркеушi органдар белгілеген мерзiмде мына ақпараттарды электронды түрде және қағаз жеткiзгiштерде ұсынады:
Тармақша 1
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдары - жылжымайтын мүлiктiң жекешелендiрiлген тұрғын үй объектiлерi туралы, коммуналдық меншiкте тұрған жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктiң орналасқан жерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарының түрi мен туындау негiздемесi көрсетiлген құқық иеленушiлерi туралы;
Тармақша 2
2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары - жер учаскелерiне ұсынылған, берiлген, ауысқан құқықтар туралы, жер учаскесiнiң орналасқан жерi, оны пайдалану мақсаты, алаңы, құқықтың түрi мен туындау негіздемесi көрсетiлген олардың құқық иеленушiлерi туралы;
Тармақша 3
3) республикалық мемлекеттiк меншiктi иеленуге Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар мен оның аумақтық органдары - республикалық меншiкте тұрған, олардың орналасқан жерi көрсетiлген жылжымайтын мүлiктiң жекешелендiрiлген объектiлерi туралы, сондай-ақ көрсетiлген объектілердiң сатып алушылары мен олардың құқықтарының туындау негiздемелерi туралы мәлiметтердi ұсынуы тиiс.
Тармақ 6
6. Осы Ереженiң 5-тармағында санамаланған мемлекеттiк органдар ақпаратты тiркеушi органға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеу шеңберiнде, өтеусiз негiзде ұсынады.
Тармақ 7
7. Тiркеушi орган алынған ақпаратты Құқықтық кадастрдың деректерiмен салыстырады, содан соң Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы заңнамада белгiленген тәртiппен оларды тiркеу үшiн жылжымайтын мүлiкке өздерiнiң құқықтарын (құқықтық ауыртпалықтарын) тiркемеген құқық иелерiне хабарлама жiбередi. Хабарлама нысаны мен оны жiберудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi бекiтедi.
Тармақ 8
8. Жылжымайтын мүлiкке өздерiнiң құқықтарын (құқықтық ауыртпалықтарын) тiркемеген құқық иелерi туралы ақпаратты тіркеушi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген шараларды қолдану үшiн салық органдарына жiбередi.
Тармақ 9
9. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргізудiң аумағы мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.