Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления органами юстиции информации по регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в кредитные бюро на основании заключаемых с ними договоров

Бұйрық · № 316 · қабылданған 27.10.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21895/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления органами юстиции информации по регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в кредитные бюро на основании заключаемых с ними договоров Күшін жойған Бұйрық ·№ 316 ·27.10.2004
22.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления органами юстиции информации по регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в кредитные бюро на основании заключаемых с ними договоров

Күшін жойған Бұйрық ·№ 316 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления органами юстиции информации по регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в кредитные бюро на основании заключаемых с ними договоров
Атауы (қаз.)
Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
316
Қабылданған күні
27.10.2004
Көрсетілген редакция
22.04.2010 AI21895_4.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003203_
ЭКБ идентификаторы
21895
Редакция идентификаторы
AI21895_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:35

0 Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Қаржы рыногын және қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігінің Төрағасы
2004 жылғы 29 қазан
"Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

0 Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 316 бұйрығымен
бекітілген
Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесі

1

1. Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты

2

2. Осы Ереже жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдарының (бұдан әрі - тіркеуші органдар) оларға тиесілі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарға (құқықтық ауыртпалықтары) қатысты кредиттік тарих субъектілері туралы ақпаратты (бұдан әрі - ақпарат) кредиттік бюроға берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.

3 3. Тіркеуші органдардың ақпарат ұсынуы тегін жүзеге асырылады.

4 4. алынып тасталды

5 5. алынып тасталды

6 6. Тіркеуші органдардың кредиттік бюроға ұсынатын ақпараттары мынадай мәліметтерді:

1 1) жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, тұратын жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы және осы құқықтарға ауыртпалықтар туралы мәліметті;

2

2) заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекен-жайы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген нөмірі және күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, банктік деректемелері, жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарды тіркеу туралы және осы құқықтардың ауыртпалықтары туралы мәліметті қамтуы тиіс.
Ақпарат тіркеуші орган мен кредиттік бюроның арасындағы келісім бойынша, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, ақпарат ұсыну туралы олармен жасалған шарттың негізінде толықтырылуы мүмкін.

7 7. Егер, шарттағы ақпаратты қағаз тасымалдағышында беру көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органдар ақпаратты кредиттік бюроға электрондық тасымалдағышпен ұсынады.

8

8. Егер, кредиттік бюро алған ақпарат тіркеуші органның немесе кредиттік бюроның жіберген техникалық қателерінің салдарынан, олардың қызметкерлерінің өзге де іс-әрекетінен немесе әрекетсіздігінен бұрмаланған жағдайларда тіркеуші органдар ақпараттың бұрмаланғаны анықталғаны туралы мәліметті алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға шынайы ақпарат беруге міндетті.

9 9. Ақпаратты ұсыну жөнінде келіспеушіліктер болса, даулар сот тәртібімен қаралады.

Қолданыстағы