Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қаулы · № 536 · қабылданған 16.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21901/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 536 ·16.07.2015
29.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 536 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
536
Қабылданған күні
16.07.2015
Көрсетілген редакция
29.12.2018 21901_387383.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000536
ЭКБ идентификаторы
21901
Редакция идентификаторы
21901_387383
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:05

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;

2

2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ өрт сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1

2

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы