Об утверждении Правил общего водопользования в Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил общего водопользования в Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26-7
- Қабылданған күні
- 25.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.01.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2025 219270_796949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25G000267M
- ЭКБ идентификаторы
- 219270
- Редакция идентификаторы
- 219270_796949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:02
0 Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригациясы министрінің м.а. 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ «Жалпы су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Жамбыл облыстық мәслихатының
2025 жылғы «25» қыркүйектегі
№26-7 шешіміне қосымша
Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың Жамбыл облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2
2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.