О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 33/8-VIII
- Қабылданған күні
- 19.12.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2027
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2025 219386_794493.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25VD00338M
- ЭКБ идентификаторы
- 219386
- Редакция идентификаторы
- 219386_794493
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.09.2026 02:18
0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» кодексінің 582-бабының 1-тармағына, Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы №49/3-VI «Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7904 нөмірімен тіркелген) сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қаласының елді мекендерінің жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» кодексінің 577-бабында белгіленген:
1) Риддер қаласының жерлеріне арналған:
1 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
2 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
3 - аймақ бойынша – 30 % - ға арттырылсын;
4 - аймақ бойынша – 35 % - ға арттырылсын;
5 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
6 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
7 - және 8 - аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;
2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне:
1 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
2 - аймақ бойынша – 50 % - ға арттырылсын;
3 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
4 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне:
1 - аймақ бойынша – 10 % - ға арттырылсын;
4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне:
1 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне:
1 - аймақ бойынша – 40 % - ға арттырылсын.
Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.
2. Риддер қаласының әкімшілік бағынысының шекарасындағы елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» кодексінің 578 - бабында белгіленген:
1) Риддер қаласының жеріне арналған:
3 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын;
6 - аймақ бойынша – 20 % - ға арттырылсын.