Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 25.12.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.01.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2026 219474_834541.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25SEJ0046B
- ЭКБ идентификаторы
- 219474
- Редакция идентификаторы
- 219474_834541
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 06.09.2026 02:19
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 25.05.2026 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жалпы алаңы 2,2576 гектар жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін, ол Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежин ауылдық округі, Тоқсан би ауылы мекенжайында орналасқан және сумен жабдықтау жүйесін салу үшін арналған.