Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании поселка Заречный территорией непригодной для постоянного проживания

Қаулы · № 1828 · қабылданған 11.12.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-220185/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О признании поселка Заречный территорией непригодной для постоянного проживания Қолданыста 21.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании поселка Заречный территорией непригодной для постоянного проживания

Қолданыста Қаулы № 1828 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании поселка Заречный территорией непригодной для постоянного проживания
Атауы (қаз.)
Заречный кентінің аумағын тұрақты тұру үшін жарамсыз деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1828
Қабылданған күні
11.12.2025
Көрсетілген редакция
21.08.2026 220185_840196.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25SA01828A
ЭКБ идентификаторы
220185
Редакция идентификаторы
220185_840196
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
14.09.2026 02:23
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Заречный кентінің аумағын тұрақты тұру үшін

жарамсыз деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 12-9-тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағының 17) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 12-бабы 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 25 мамырдағы № 97 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлардың тұрақты тұруға жарамсыздығын бағалау жөніндегі қағидаларға, «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» Петропавл қаласы әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 10 шешіміне сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жыл сайын тасқын судың басуына байланысты, Заречный кенті мен оның аумағында орналасқан тұрғын үйлер тұрақты тұруға жарамсыз деп танылсын.

2. Заречный кентінің аумағындағы тұрғын үйлерден азаматтарды көшіру мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын және оның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және оның орнына тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ Заречный кентінің азаматтарының тұрғын үй-жайлары мен жер учаскелерін айырбастау шарттарын жасасуды қамтамасыз етсін.

5. Әкім аппаратының заң бөліміне көшірудің барлық кезеңдерін құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жүктелсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жедел мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

1 Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссия құрамы

Петропавл қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «18» желтоқсандағы
№ 1828 қаулысына
1-қосымша
Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссия құрамы
📌 Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 15.04.2026 № 805 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.08.2026 № 1804 қаулыларымен.
Шаймерденова
Айнұр Қайратқызы
қала әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Зуевич Эмилия
«Петропавл қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» КММ құқықтық жұмыс, коммуналдық және ипотекалық тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының бас маманы
Комиссия мүшелері
Бердағұлов
Арман Сағатұлы
Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы (келісім бойынша)
Афанасьев
Павел Васильевич
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Ысқақов
Марат Жақсылықұлы
«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (келісім бойынша)
Козлов
Владимир Иванович
қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Қожахметов
Марат Тәшімұлы
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Жалмұқанова
Ләззат Жұматайқызы
Петропавл қалалық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Иманов
Төлеген Серікұлы
ЖК «Иманов Т.С.» (келісім бойынша)
Пішенбаев
Қайрат Сәкенұлы
«Ауыл» ХДПП СҚО облыстық филиалының төрағасы (келісім бойынша)
Василенко
Дмитрий Геннадьевич
«Петропавл темір жол дабылы және байланыс дистанциясы» ППО төрағасы (келісім бойынша)
Қапкенова
Әсел Әшімқызы
«Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ сәулет, қала құрылысы және техникалық секторының меңгерушісі

2 Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және оның орнына тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі

Петропавл қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «18» желтоқсандағы
№ 1828 қаулысына
2-қосымша
Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және
оның орнына тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі
Жалпы ережелер
Осы Ереже «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы 1017-XII Заңына сәйкес, Петропавл қаласының аумағында орналасқан, жыл сайын тасқын суы басатын Заречный кентінен көшірілетін Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі- мәтін бойынша азаматтар) тұрғын үй беру жөніндегі комиссияның құқықтық мәртебесін, мақсаттарын, міндеттерін, құрамын, қалыптастыру тәртібін және қызметін айқындайды.
Ереже Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 25 мамырдағы № 97 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлардың тұрақты тұруға жарамсыздығын бағалау жөніндегі қағидаларға, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Заңына (жаңа редакция-2025 ж. 15.09.), сондай-ақ тұрғын үй қатынастары, азаматтарды көшіру және жергілікті атқарушы органдардың қызметі мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтарды көшіру және оның орнына тұрғын үй беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) азаматтарды көшіру және оларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мәселелерін қарау үшін Петропавл қаласы әкімдігінің жанынан құрылатын алқалы орган болып табылады.
Комиссия тұрақты негізде әрекет етеді, өз қызметін осы Ережеде айқындалған құзырет шегінде жүзеге асырады және қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігі үшін жауапты болады.
Комиссияның мақсаттары мен міндеттері
Комиссия қызметінің негізгі мақсаты Петропавл қаласының Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтардың жыл сайын аумақты тасқын судың басуына байланысты тұрғын үй алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Комиссияның міндеттері:
Азаматтардың тұрғын үй беру туралы өтініштерін қарау және заңнамаға сәйкес кезектен тыс тұрғын үй беру туралы шешімдер қабылдау;
Қоныс аударуға жататын азаматтардың тізімін қалыптастыру;
Қоныс аудару және тұрғын үй беру мәселелері бойынша мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;
Қоныс аудару кезінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, сондай-ақ Комиссия шешімдерінің орындалуын бақылау;
Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
Белгіленген талаптарға сәйкес комиссия отырыстарының шешімдерін ресімдеу және хаттамаларын жүргізу.
Комиссияның құрамы және жұмыс тәртібі
📌 Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 21.08.2026 № 1804 қаулысымен.
Комиссия тақ санды мүшелерден, бірақ кемінде бес адамнан құрылады. Комиссия құрамына Петропавл қаласы әкімдігі қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар кіреді. Комиссия отырысының кворумы комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысқан кезде қалыптасқан болып есептеледі. Отырыстар офлайн форматта (жеке қатысу арқылы), сондай-ақ онлайн форматта (бейне-конференцбайланысты пайдалану арқылы) өткізіледі. Онлайн режимде қатысу нақты қатысуға теңестіріледі және кворумды айқындау кезінде есепке алынады
Комиссия құрамына:
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары (комиссия төрағасы);
Петропавл қаласы мәслихатының төрағасы;
Әкімдіктің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;
Әкімдіктің заң қызметінің басшысы;
ТКШ бөлімі басшысының орынбасары;
Әкімдіктің сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары;
Жер қатынастары бөлімінің нормативтік-құқықтық актілер секторының меңгерушісі;
Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері (келісім бойынша).
Комиссия хатшысы (дауыс беру құқығынсыз) кіреді.
Комиссия шешімдері қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттама түрінде ресімделеді.
Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия хатшысы комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді, оған төраға және Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесінің ерекше пікірі хаттамаға қоса беріледі және міндетті түрде қаралуы тиіс.
Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі
Заречный кентінің аумағында тұратын азаматтар тұрғын үй беру туралы Комиссияға жүгінеді және дұрыс мәліметтер мен келесі құжаттарды ұсынады:
Өтінішке қоса беріледі:
- нысан бойынша өтініш;
- өтініш берушінің және жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- неке қию туралы куәлік;
- Заречный кентіндегі тұрғын үйді иеліктен шығаруға және жаңа тұрғын үй сатып алуға келісім беру туралы жұбайының нотариаттық өтінішінің көшірмесі;
- Заречный кентінде орналасқан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;
- зардап шеккен үйге жылжымайтын мүлік (тұрғын үй) объектісінің кадастрлық паспорты (техникалық паспорты);
- жерге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (әкімдіктің қаулысы, сатып алу-сату шарты, мұрагерлік, заңдастыру, сот шешімі).
- отбасының барлық мүшелеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген өзге жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
- айырбастауға жататын тұрғын үй-жайға құқықтың туындау негіздемесін растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (сатып алу-сату, жекешелендіру, мұрагерлік, қабылдау және пайдалануға беру, жария ету шарты, сот шешімі);
Заречный кентінің су басатын аймақтарындағы тұрғын үйлерден азаматтарды көшіру іс-шараларын іске асыру жөніндегі комиссия нормативтік емес құқықтық актінің күші бар мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы;
- тұрғын үй беруден дәлелді бас тарту;
- қаралып отырған азаматтың құжаттарын оларды заңнама мен осы тәртіптің талаптарына сәйкес келтіру үшін қайтару.
Жаңа тұрғын үй алған кезде меншік иесі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Заречный кентіндегі тұрғын үйді және жер учаскесін коммуналдық меншікке береді.
Комиссия мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім қабылдағаннан кейін азаматтың құжаттарын айырбас шартын жасасу үшін «Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне береді.
Заречный кентінің су басатын аймақтарындағы тұрғын үйлерден азаматтарды көшіру іс-шараларын іске асыру жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдану сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй беру тәртібі
Заречный кентінен қоныс аударатын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жайлы тұрғын үй беріледі.
Тұрғын үй берілген кезде азаматтар тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге кезектен шығарылуға жатады.
Азаматтар өтінішті қарау кезінде жалғыз болып табылатын жалға берілетін-коммуналдық тұрғын үйде тұрған жағдайда, азаматтарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚРЗ сәйкес жалдау шарты негізінде қала аумағында тұрғын үй беріледі.
Егер тұрғын үйдің алаңы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы қолда бар 1 бөлмелі пәтердің алаңынан кем болса, меншік иесіне 1 бөлмелі пәтер ұсынылады.
Егер жарамсыз деп танылған тұрғын үйдің алаңы 70 шаршы метрден асқан жағдайда, оның орнына қосымша тұрғын үй-жайлар мен ақшалай өтемақысыз 3 бөлмелі пәтер беріледі.
Қажет болған жағдайда тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін комиссия +5 м2 қосымша алаң ұсынады.
Қорытынды ережелер
Комиссия өз қызметін Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде тоқтатады.
Азаматтардың құжаттары материалдар болып қалыптастырылады және белгіленген тәртіппен сақтауға беріледі.
Осы Ереже Петропавл қаласының әкімі бекіткен сәттен бастап күшіне енеді және Комиссия қызметі тоқтатылғанға дейін қолданылады.
Қызметін тоқтату Петропавл қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
__________________________________________________________