Кіру
Құжат мәтініне өту

О вопросах Национального агентства по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан

Қаулы · № 128 · қабылданған 07.02.1995
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2207/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О вопросах Национального агентства по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 128 ·07.02.1995
10.07.1995 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах Национального агентства по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 128 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах Национального агентства по иностранным инвестициям при Министерстве экономики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiктiң мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
128
Қабылданған күні
07.02.1995
Көрсетілген редакция
10.07.1995 AI2207_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.1995
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P950000128_
ЭКБ идентификаторы
2207
Редакция идентификаторы
AI2207_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:36

0 Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiктiң мәселелерi туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Министрлер Кабинетiнiң 11.07.1995 № 948 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту процесiнде мемлекеттiк басқару мен реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қаңтардағы N 2035 Жарлығын орындау үшiн және шет елдiк инвестицияларды тарту және пайдалану жөнiндегi саясатты жүргiзу саласында мемлекеттiк органдардың қызметтерi мен өкiлеттiктерiн нақтылауға байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiк аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 50 адам болып белгiленсiн (ғимаратты күзету және оған қызмет көрсету жөнiндегi қызметкерлердi қоспағанда). Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" 1994 жылғы 4 қазандағы N 1108 (1 кесте) және "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiне еңбекақы төлеу туралы" 1994 жылғы 20 желтоқсандағы N 1426 қаулыларында көзделген еңбекке ақы төлеу шарттары Агенттiктiң қызметкерлерiне қолданылсын. Қазақстан Республикасының Экономика Министрi Агенттiктiң құрылымы мен штаттық кестесiн бекiтсiн.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Агенттiктiң аппаратын ұстауға қажеттi қаржы бөлудi көздесiн.

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:

"Қазақстан Республикасының Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiктiң мәселелерi" туралы 1992 жылғы 23 желтоқсандағы N 1073 қаулысы бойынша:
қаулы тексiнен "инвестициялық" сөзi алынып тасталсын;
6, 8-тармақтардың және 11 - тармақтың екiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 19 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 7-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шет елдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiк туралы Ереже бойынша;
1-тармақтан, 4-тармақтың төртiншi абзацынан, 5-тармақтың
алтыншы абзацынан "инвестициялық", "инвестициялы" сөздерi алынып
тасталсын;
3-тармақтың екiншi абзацынан "инвестицияларды және" және
сөзi алынып тасталсын.
8-тармақтың үшiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.

Қолданыстағы