Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня хозяйственных целей для использования объектов животного мира (кроме охоты и рыболовства) и Правил использования в хозяйственных целях животных, не относящихся к объектам охоты и рыболовства, а также их полезных свойств и продуктов жизнедеятельности

Бұйрық · № 629 · қабылданған 05.11.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22111/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Перечня хозяйственных целей для использования объектов животного мира (кроме охоты и рыболовства) и Правил использования в хозяйственных целях животных, не относящихся к объектам охоты и рыболовства, а также их полезных свойств и продуктов жизнедеятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 629 ·05.11.2004
23.11.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня хозяйственных целей для использования объектов животного мира (кроме охоты и рыболовства) и Правил использования в хозяйственных целях животных, не относящихся к объектам охоты и рыболовства, а также их полезных свойств и продуктов жизнедеятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 629 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня хозяйственных целей для использования объектов животного мира (кроме охоты и рыболовства) и Правил использования в хозяйственных целях животных, не относящихся к объектам охоты и рыболовства, а также их полезных свойств и продуктов жизнедеятельности
Атауы (қаз.)
Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық мақсаттардың тізбесін және Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
629
Қабылданған күні
05.11.2004
Көрсетілген редакция
23.11.2012 AI22111_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003217_
ЭКБ идентификаторы
22111
Редакция идентификаторы
AI22111_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:33

0

Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық мақсаттардың тізбесін және Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану ережесін бекіту туралы
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 және 41-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық мақсаттардың тізбесі;

2 2) Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану ережесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықты іске асыруды бақылау Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің төрағасына Е.А.Келемсеитке және Балық шаруашылығы Комитетінің төрағасына М.Х.Мусатаевке жүктелсін, қажеттігі бойынша.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.

0 Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық мақсаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 5 қарашадағы
N 629 бұйрығымен бекітілген
Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға (аң аулау мен балық аулаудан басқа) арналған шаруашылық мақсаттардың тізбесі
Жануарлар дүниесінің объектілері мынадай шаруашылық мақсаттарға (аң аулау мен балық аулаудан басқа):

1 1. Ауыл шаруашылық дақылдарын көбейтуге;

2 2. Өсімдіктер мен орман кешендерін қорғауға;

3 3. Жануарлар дүниесі объектілерін бөлуге;

4 4. Тамақ өнімдерін, жемшөп пен биоминералдық жемшөп қоспаларын алуға;

5 5. Жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алуға және (немесе) олардың пайдалы қасиеттерін пайдалануға;

6 6. Биологиялық белсенді заттар алуға;

7 7. Таксидермия мен сувенир өнімдерін дайындауға пайдаланылады.

1 Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану ережесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 5 қарашадағы
N 629 бұйрығымен бекітілген
Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдаланудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жануарларды, олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдаланудың (аң аулау мен балық аулаудан басқа) тәртібін анықтайды.

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесі объектілерін шаруашылық мақсаттарда пайдалануға құқығы бар.

3

3. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шаруашылық мақсаттарға пайдалану ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүргізіледі.

4 4. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарға пайдалану жануарлар дүниесін жалпы және арнаулы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2 2. Жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарға жалпы пайдалану

5

5. Аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарға жалпы пайдалануға, жануарлардың пайдалы қасиеттерін және олардың тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортадан алмай пайдалану (ауыл шаруашылығы дақылдарын тозаңдандыру үшін, өсімдіктердің зиянкестеріне қарсы күрес үшін және басқа) жатады.

6 6. Жалпы пайдалану ақы алынбай және рұқсат берілмей жүзеге асырылады.

3 3. Жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарға арнайы пайдалану

7 7. Жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарға арнайы пайдалануға, аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесі объектілерін, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортадан алып пайдалану жатады.

8 8. Жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарға арнайы пайдалануға:

1

1) жануарларды олардың тіршілік ету өнімдерін алу немесе пайдалы қасиеттерін пайдалану үшін еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсіру және (немесе) ұстау үшін (аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесі объектілеріндегі аң шаруашылығы, серпентарии, инсектарии, ормандағы ара шаруашылығы және басқалар) аулау;

2 2) жануарларды кейіннен мекендеу ортасына жібере отырып, тіршілік ету өнімдерін және олардың пайдалы қасиеттерін (жануарлар дүниесі объектілерінің биологиялық белсенді заттарын алу және басқалар) алу үшін аулау;

3 3) жануарларды олардың пайдалы қасиеттерін, бөліктерін (соның ішінде ет, терілер, түбіт, қауырсын, сүйектер, баданалар, хитин жамылғылары, қан және басқалар) немесе олардың тіршілік ету өнімдерін пайдалану мақсатында аулау;

4 4) жануарлардың жұмыртқаларын және тіршілік ету өнімдерін (құстардың ұясы, ара ұясы, мумие, саңғырық және басқалар) жинау жатады.

9 9. Арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы