Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

118-бап. Банкті мәжбүрлеп тарату негіздері

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

Банкті мәжбүрлеп тарату:
1) банктің осы Заңда көзделген негіздер бойынша операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылуына;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негіздер бойынша банкті мәжбүрлеп тарату туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуіне;
3) ерікті түрде таратылатын банктің барлық кредиторының талаптарын қанағаттандыру үшін қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, банкті ерікті түрде тарату процесін аяқтаудың мүмкін болмауына байланысты заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізіледі.