Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

119-бап. Банкті өзге де негіздер бойынша тарату

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

1. Банктi мәжбүрлеп тарату банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы шешiм болмаған кезде уәкiлетті мемлекеттiк органдардың арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуі бойынша сот iс қозғаған жағдайда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
2. Сот банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi. Осы Заңның 118-бабының 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша қозғалған iс бойынша соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмі күшіне енген күннен бастап банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылады.