Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

127-бап. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күннен бастап Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды, ол Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібі, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. Тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және тарату комиссиясы кредиторлар комитетімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жасасатын келісімде реттеледі. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және қатыстырылған өзге де қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінің сомасынан аспауға тиіс.