Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

128-бап. Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасын қалыптастыру ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасына осы Заңның 116-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар, активтер және қамтамасыз ету ақысы кірмейді.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлік, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер тарату комиссиясының исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына берілуге тиіс. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын таңдау және оларға инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлікті және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.