Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

16-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш беруші береді.
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
2) лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банк операциялары және өзге де операциялар тізбесі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, банк қызметін жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсаттың) көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің мынадай: Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы және осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің балансында есепке алу туралы; осы Заңның 72-бабының 4-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы активтерінің мөлшерін бекіту туралы мәселелер бойынша шешімдерді қамтитын Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі резиденті өзі болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі. Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептермен расталған соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайларда осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік ұсынылмайды;
7) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер;
8) тұлғаның өтініш беруге өкілеттіктерін растайтын құжаттардың және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің көшірмелері.
3. Тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі бар, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талаптар қолданылмайды.
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган кез келген мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы: ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде өтініш беруші және (немесе) оның құрылтайшылары туралы анық емес деректердің (мәліметтердің) анықталуы; ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі; ұсынылған құжаттар мен мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді жүзеге асырудың қажет болуы. Өтініш берушінің ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші ұсынылған құжаттарға және (немесе) мәліметтерге уәкілетті орган берген ескертулерді жойғаннан кейін және уәкілетті орган аталған құжаттардағы және (немесе) мәліметтердегі деректердің (мәліметтердің) анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін және (немесе) өтініш беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде түзетілген (нақтыланған) құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаған жағдайда қайта басталады.
7. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне және Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.